«КЕЛІСІЛДІ» Білім басқармасы | «БЕКІТЕМІН» Батыс Қазақстан инженерлік- технологиялық колледжінің |
«Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі» МЕББМ-не
2016-2017 оқу жылына оқуға қабылдау ережесі
1. Жалпы ережелер
1.Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжіне (мемлекеттік лицензиясы АБ № 0036514 2010 ж. 6 тамыздан) 2016-2017 оқу жылына оқушыларды қабылдау ережесі Қазақстан Республикасының №319-III 2007 жылдың 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде және 2012 жылдың 19 қаңтар №130 «Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы оқуға қабылдаудың Типтік ережесін бекіту жөніндегі» бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №200 бұйрығы негізінде құрастырылған.
2. Батыс Қазақстан инженерлік – технологиялық колледжіне негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, сондай-ақ, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылданады.
Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейде бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік білім беріледі.
Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік білім алуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
Басқа шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар Батыс Қазақстан инженерлік–технологиялық колледжіне Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкес қабылданады.
3. Батыс Қазақстан инженерлік – технологиялық колледжіне қабылдауда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпанындағы № 264 қаулысымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес орта кәсіптік білім мамандарын даярлаудың мемлекеттік білім беру тапсырысына квота беріледі:
1) І, II топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан шыққан азаматтар үшін - 1%;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін - 0,5%;
3) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес ауылдың (селоның) әлеуметтік экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін - 30%;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін - 2%;
5) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - 1%;
4. Туыстас мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары білімі бар азаматтар қысқартылған бағдарламалар бойынша оқуға қабылданады.
Аталған санаттағы тұлғалар үшін колледжге түсу емтихандарын тапсыру әңгімелесу түрінде жүзеге асырылады. Мамандық бейіні сәйкес келмеген жағдайда бейін пәні бойынша емтихан өткізіледі.
2. Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 шілдедегі №188 «Батыс Қазақстан облысы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысын негізге ала отырып жасалды.
1. Оқу орындарына оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдауды ұйымдастыру, түсу емтихандарын өткізу және оқушылар құрамына қабылдау үшін қабылдау комиссиясы құрылады, ол өз жұмысын 1 маусымнан кешіктірмей бастайды.
2. Азаматтарды оқуға қабылдау бойынша жылжымалы комиссияны ұйымдастыру құрылтайшылармен келісу бойынша шешіледі.
3. Қабылдау ережелері, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру жөніндегі қабылдау комиссияларының шешімі туралы ақпарат, түсу емтихандарын өткізу жөніндегі кесте, оқуға түскені туралы нәтижелер уақытылы оқуға түсушілердің назарына жеткізілуі қажет.
4. Білім беру ұйымдарына оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:
орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында.
5. Колледжге түсушілер өтініштерімен бірге мына құжаттарды тапсырады:
– білімі жөнінде құжаттың түпнұсқасы;
– № 086 – У дәрігерлік анықтама (1 және 2 топтағы мүгедектер және жастайынан мүгедектер үшін дәрігерлік - әлеуметтік сараптау қорытындысы);
– 3х4 көлеміндегі 4 фотосурет;
Оқуға түсушінің тұлғасын куәландыратын құжаттар жеке ұсынылады.
Оқытудың нысандары бойынша және шарттық (ақылы) негізде оқуға түсушілердің өтініштері жеке тіркеледі және ескеріледі.
Кешенді тестілеу (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері) немесе нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан жалпы орта білімді бітірушілер) азаматтар оқуға түсу емтихандарынан босатылады және міндетті түрде Қазақстан Республикасының №319-III2007 жылдың 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша 2012 жылдың 19 қаңтар №130 «Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы оқуға қабылдаудың Типтік ережесін бекіту жөніндегі» бұйрығындағы 15-тармақта көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.
6. Жалпы орта білімі, техникалық және кәсіптік білімі бар түлектер үшін қабылдау емтихандары жалпы орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән), жалпы негізгі білімі бар азаматтар үшін қабылдау емтихандары жалпы негізгі орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, мамандық бейіні пәні бойынша) өткізіледі.
Мамандық бейіні бойынша пән осы Ереженің 1 қосымшасына сәйкес анықталады.
7. Қабылдау емтихандарыжалпы орта білім берудің және жалпы негізгі білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде тест бойынша өткізіледі.
Әр пән бойынша тест сұрақтарының саны 25 (жиырма бес). Әр тест тапсырмасының дұрыс жауабы – 1 балмен бағаланады. Үш пән бойынша кешенді тестілеуге астрономикалық 2 сағат 15 минут беріледі, екі пән бойынша – 1 сағат 30 минут уақыт беріледі.
Кешенді тестілеуді өткізгеннен кейін сол күні емтихан қорытындысы талапкерлерге хабарланады.
8. Тесттің (қабылдау емтиханның) қорытындысы айтылғаннан кейін, тест (қабылдау емтихан) нәтижелерімен келіспеген азаматтар шағым (аппеляцияға) беруге құқылы.
Шағым емтихандар нәтижелері жарияланғаннан кейін тәулік ішінде қабылдау комиссиясына беріледі және оны өтініш берушінің қатысуымен шағым комиссиясы қарайды.
9. Қабылдау емтиханын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
3. Білім алушылар құрамына қабылдау
1.Талапкерлерді оқушылар қатарына қабылдау конкурс негізінде жүргізіледі, қабылдау емтихандары аяқталғаннан кейін колледждің күндізгі бөліміне 25 тамыздан 30 тамызға дейін, сырттай оқу бөліміне қабылдау 15 қырқүйектен 30 қырқүйекке дейін аяқталады.
Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсы:
– бірыңғай ұлттық тестілеу сертификатындағы балл негізінде;
– ҚР Білім және ғылым министрлігінің кешенді тестілеу нәтижесі бойынша берілген сертификаттағы балл негізінде;
– колледжде өткізілген кешенді тестілеу нәтижесі бойынша алынған баллдар негізінде;
Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:
1) негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен 20 балдан кем, құқық, экономика мамандықтары бойынша 25 балдан кем;
2) жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 30 балдан кем, құқық, экономика мамандықтары бойынша 35 балдан кем жинағандар жіберілмейді.
2. Колледжге қабылдау комиссиясының ашық отырысында мамандық, бөлім, оқу тілі бойынша жеке-жеке өтеді.
3. Негізгі қабылдау ережелерінде кестеленбеген сұрақтарды құрылтайшы келісімі бойынша колледждің қабылдау комиссиясы жеке шешеді.
Берілген ережелер педагогикалық кеңестің № 11 20.05.2016ж. хаттамасымен қаралып, бекітілді.
1 Қосымша
Батыс Қазақстан инженерлік – технологиялық колледжіне түсу
емтихандарын тапсыру үшін орта білім, кәсіби, техникалық оқу
бағдарламалары бойынша мамандарды дайындауды жүзеге асырудағы
мамандық бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндер тізімі
Коды | Мамандық атауы | Арнайы пән атауы: | ||
Негізгі білім беру базасында | Жалпы білім беру базасында | |||
0201000 | Құқықтану | Құқық негіздері | Дүниежүзі тарихы | |
0516000 | Қаржы (салалар бойынша) | Математика | Математика | |
0518000 | Есеп және аудит (салалар бойынша) | Математика | Математика | |
0515000 | Менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша) | Математика | Математика | |
0513000 | Маркетинг (салалар бойынша) | Математика | Математика | |
1304000 | Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлеріне қарай) | Математика | Математика | |
0902000 | Электрмен қамтамасыздандыру (салалар бойынша) | Математика | Математика | |
1201000 | Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету | Математика | Математика | |
1202000 | Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару (сала бойынша) | Математика | Математика | |
0601000 | Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша) | Математика | Математика | |
1511000 | Жерге орналастыру | Математика | Математика | |
0809000 | Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бағыты бойынша) | Математика | Математика | |
0801000 | Мұнай және газ скважиналары және бұрғылау жұмысының технологиясы (бағыты бойынша) | Математика | Математика | |
0819000 | Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы | Химия | Химия | |
0802000 | Мұнай - газ құбырлары мен қоймаларын салу және пайдалану | Физика | Физика | |
1513000 | Ветеринария | Биология | Биология | |
1514000 | Экология және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану | Математика | Химия | |
1505000 | Балық шаруашылығы (түрлеріне қарай) | Биология | Биология | |
1508000 | Орман шаруашылығы, бақ-саябақты және ландшафты құрылыстар | Математика | Химия | |
1224000 | Сүт тағамдарының өндірісі | Химия | Химия | |
1225000 | Ет және ет тағамдарының өндірісі | Химия | Химия | |
1216000 | Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама өндірісі | Биология | Химия | |
1504000 | Фермер шаруашылығы | Биология | Биология | |
1510000 | Ауыл шаруашылығын механикаландыру | Математика | Математика | |
1014000 | Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша) | Математика | Математика |