I. Ұйымдастыру жұмысы
1. Оқушылардың жақын арадағы даму деңгейін және танымдық үрдісін , өзара қарым – қатынасын анықтап түзету – дамыту жұмыстарын жүргізу.
2. Оқушылар бойындағы агрессия деңгейін түсіру мақсатында жұмыстану
3. Ойын , тренинг арқылы топтық жұмыс бағыттарын ұйымдастыру.
4. Оқу тәрбие үрдісінде оқушылардың ата – аналармен тығыз қарым – қатынаста жұмыстану.
5. 9 сыныптан кейінгі оқушылармен психологиялық – педагогикалық қолдау жұмыстарын жалғастыру.
6. Топ оқушыларымен жеке түзету жұмыстарын ұйымдастыру .
7. Ұжымда психологиялық орта қалыптастыру.II. Психодиагностика және диагностикалық жұмыстардың жүргізілуі
Колледжге қабылданған барлық топ оқушыларына психологиялық карта және оқушының жеке картасы , топ оқушыларының әлеуметтік картасы жасақталады.
Қыркүйек айында психологиялық бейімделу кезеңі , сабақтастықты қолдау шаралары бойынша жеке тұлғаның мінез типін анықтауға арналған қазақ топтарына Г.Айзенктің,орыс топтарына Белованың мінез типін анықтауға арналған әдістемелер жүргізіледі.
Қазан айында зерттелуші тұлғаның өзін – өзі бағалауын анықтау мақсатында диагностикалық жұмыс жүргізілді. «9 дөңгелекше» әдістемесі бойынша I және II курс оқушыларына ,«Өзін – өзі бағалау» әдістемесі бойынша III және IV курс оқушыларынан әдістемелер жүргізіледі.III Психопрофилактикалық жұмыс.
/Оқытушыларға, ата – аналарға, оқушыларға/Қыркүйек айында дәстүрлі түрде ата – аналарға арналған «Тәрбиенің ең тамаша ортасы - отбасы» тақырыбында ашық есік күні өткізілді.
Мақсаты:
1. Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру.
2. Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баланың бас ұстазы ата - анасы екенін ұғындыру.
3. Колледж бен ата - ана арасында коммуникативті қарым – қатынас орнату.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заң жобасында «Ата – аналар балалардың білімі мен оқуы үшін олардың денсаулықтарын, рухани әрі дене қуатының қауіпсіз дамуын, адамгершілігі жағынан дұрыс қамтамасыз етуге міндетті». «Бала тәрбиесіне ерекше мән берілуі керек, тәрбиенің арқасында болашақ адамзат тағдырының негізгі мәселесі шешіледі» деген В.Белинскийдің қанатты сөзін басшылыққа ала отырып бағдарлама құрылды.
Бағдалама бойынша ата - аналарды қабылдап,сауалнама ,тренингтер жүргізілді. «Отбасындағы ата – анамен бала арасындағы дау – дамайды және кикілжіңді шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды.
Колледж оқушыларының ата - аналарына «Құқық бұзушылықтың алдын алудағы отбасының ролі» тақырыбында ата – аналарға дәріс өткізілді.Мақсаты ата –аналарға құқық бұзушылық сауаттылық туралы білімдерін кеңейтуге түсініктер беру.
Топтарда «Жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық сауаттылықты байқауға арналған» сауалнамалар жүргізу арқылы оқушылардың құқықтық сауаттылығы анықталды.Колледж оқытушыларына «Кикілжің және одан құтылу жолдары»тақырыбында колледж оқытушыларына дөңгелек үстел оздырылды.
Мақсаты:
- Кикілжің туралы жан-жақты түсінік беру.
- Тұлғаның өзін реттеуіне болатын қажетті жағдайды туғызуға көмектесу.
- Проблемалық жағдаяттардан шығу жолдарын қарастыру.Сонымен қатар ЭНГМ-912, ОПУД–911 топтарында «Жизнь прекрасна и удивительна» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды.
Топ оқушылары жоғары белсенділікпен қатыса білді.Бір – біріне деген шынайы деген достық, жолдастық қасиеттері оқушылары арасында байқалды.Оқушыларға ішкі сезімдерін шығару бағытында «Менің әлсіз тұстарым» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.Мақсаты: оқушылар жан дүнисіндегі жағымсыз сезімдерінен арылу,ой –қозғау,қуаныш ,шаттық сыйлау.Оқушылар тренингқа қызығушылықпен қатыса білді.
Наркологиялық бекет жұмыс жоспарына сәйкес «Дені саудың жаны сау» атты жастарды зинды әдеттен сақтандыруға арналған флеш - моб өткізілді.
Мақсаты: оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттады.«Нашақорлық - ортақ қасірет» тақырыбында ПВ–911, ПВ-921 топтарында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға, зиянды заттардың адам ағзасына тиер зияны туралы түсінік жұмыстарын жүргізу.
«Спорт - денсаулық кепілі» тақырыбында оқушылар арасында салауатты өмір салтын ұстану бағытында спорттық шаралар өткізілді.
Мақсаты: салауатты өмір салтының құндылықтарына қосылу.
сауықтыру іс-шаралары арқылы барлық оқушыларды қызықтыруға әсер ететін шараларды кең көлемде өткізу.
Нашақорлықтың алдын алу бағытында колледж қабырғасына «Наркологиялық бекет» үн парағы шығарылды.
Оқушыларды салауатты өмір салтына баулу мақсатында облыстық «Киров» паркінде «Табиғаттың тылсым сырлары» тақырыбында іс – шара ұйымдастырылды.Колледж оқушыларының ата-аналарына «Баланың бас ұстазы ата-анасы» тақырыбында ата–аналарға баяндама оқылды. Ата – аналар өздерінің көкейкесті сұрақтарын ортаға салып, бала тәрбиесіне қатысты психологиялық тұрғыдан мағлұматтар алды. Отбасының басты қызметі – бала тәрбиелеу. Отбасы – сапасы бірқатар параметрлермен анықталатын, бала өмірі мен дамуының ортасы. Отбасының әлеуметтік-мәдени параметрі ата-аналарының білімдік деңгейімен және олардың қоғам өміріне қатысуымен анықталады. Ата – аналар бала тәрбиесіне аса назар аудару керек екенін түсінді.
Орал қалалық әйелдерге арналған әлеуметтік оңалту және бейімдеу орталығында «Жайық дауысы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен қала мектептерінің психолог – мамандарына семинар өткізілді. «Тұрмыстық зорлық – зомбылықтан жапа шеккен әйелдерге құқықтық кеңес пен ақпараттық қолдау көрсету жобасы» бойынша жұмыс жүргізілді. «Қиын жағдайға тап болған әйелдерді психологиялық тұрғыдан қолдау» тақырыбында баяндама оқылды. Қиын жағдайға тап болған әйелдерге арт-терапия әдістемесі бойынша тренинг жүргізілді.IV. Жеке кеңес беру.
Психологиялық тұрғыдан ата –аналарға, оқытушыларға, оқушыларға жеке кеңестер беріледі. Психологиялық кеңес беру тұлға ойындағы қиындықтар мен кикілжіңдерді шешуге бағытталған жұмыс түрі.
Педагог – психолог: Б.К.Омарова