2017 жылдың 10 қарашасында БҚИТК «Бірінші курс байқауы - 2017» атты дәстүрлі бөлімаралық сайысы өтті.
Мұнай, газ және стандарттау бөлімінің оқытушылары 1 орын, экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бөлімі 2 орын, ал техникалық бөлім оқытушылары 3 орынға ие болды.
8-10 қараша аралығында Петропавл қаласындағы Ж. Қизатов атындағы Есіл ауылшаруашылық колледжінде өткізілген «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» әлеуметтік жобасына қатысушы жастардың «МЕНІ ШЫҢДАҒАН СЕРПІН-2017» республикалық кәсіби шеберлік байқауына арнайы пәндер оқытушыларының дайындауымен «Ветеринария» мамандығы бойынша ВТ-31 тобының оқушысы Тохаев Сабит қатысты.
2017 жылдың 15 қарашасында теңгенің айналымға шыққандығына 24 жылдығына орай ПВ-921 және УА-911 топтарында бөлім оқытушысы Д.К. Рахимгалиева «Теңге – тәуелсіздік нышаны» атты ақпарат сабақ өткізді.
2017 жылдың 16 қарашасында колледждар арасында баскетболдан өткізілген облыстық лигаға БҚИТК командасы қатысып, І орынға ие болды.
2017 жылдың 17 қарашасында студенттер күніне орай І курс оқушыларына арналған іс-шаралар өткізілді.
Колледжде 2017 жылдың 21-22 қарашасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау мақсатында «Қазақстан болашағы - үштілділікте» атты колледжішілік студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.
24 қараша күні «Технологиялық» бөлімінің апталығына орай арнайы пәндер оқытушылары Г.Х. Джубанышева, Э.К. Каримованың ұйымдастыруымен «Ветеринария» мамандығы бойынша ВТ-11 және ВТ-21 топ оқушылары арасында «Ветеринария мамандығының болашағы» атты сыныптан тыс шара өткізілді. Мақсаты: оқушыларды ветеринария мамандығының болашағымен таныстырып, олардың мамандықтарына деген сүйіспеншіліктерін арттыру болды.
21-24 қараша аралығында өткен «Техникалық» пәндер апталығында келесідей ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар өткізілді:
- А.Ш. Байгелова «Жүк тасымалдау технологиясы және оны ұйымдастыру» пәні бойынша ОПУД-921 тобында «Жүк қармаушы құрылғылар» атты ашық сабағын;
- Х.Ж. Баданова ОПУД-921 тобында «Электр техникасы негіздері» пәні бойынша «Резисторларды жалғаудың түрлері» тақырыбында ашық сабағын;
- С.Г. Байгубенова ПВ-921 тобына «Microsoft Excel электрондық кестесінде диаграмма құру" тақырыбында ашық сабағын;
- Г.К. Кудабаева және Б.Т. Таутешова ПОВТ-21 тобында «Компьютер әлеміне саяхат» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырып, өткізілді.
2017 жылдың 29 қарашасында «Рухани жаңғыру – болашақтың кепілі» атты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының ұйымдастырылуымен «Туған жерім – түп қазынам» атты концерттік бағдарлама өткізілді.
Қарашаның 27 мен 30 аралығында «Мұнай газ және стандарттау» бөлімінде пәндер апталығы болды. Соған байланысты:
- 30 қараша күні СТР -11 тобында оқытушы Сабргалиева Надежда Маратовнаның жетекшілігімен «Болашақ мұнайшылар» атты сабақтан тыс шара;
- 28 қараша күні СМС-922 тобында оқытушы Жумашева Айнур Насипкалиевнаның жетекшілігімен «Лучшие товароведы» атты сабақтан тыс шара;
- 29 қараша күні ЭНГМ- 921тобында оқытушы Тлеугалиев Жалғас Қуанышкалиевичтің жетекшілігімен сабақтан тыс шара;
- ЭНГМ-921 тобында оқытушылар Жумагалиева Нұржамал Мұратбековна мен Лукпанова Орынгул Дархановнаның ұйымдастыруымен «OIL EMPIRE» атты интеллектуалды ойыны өткізілді.