Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысы жеңісінің 71 жылдық мерекесін өткізуге арналған апталық жоспарына сәйкес бөлімде өткізілген іс-шаралар:
- ВТ-21,РХ-21 топтары жетекшісімен «Орал қаласының жалпы типтегі медико-әлеуметтік мекемесіне» барып, концерттік бағдарламасын өткізді.
РХ-11 тобы топ жетекшісімен Желаев ауылы, Шоссейная көшесі 34\2 мекен-жайында тұратын ҰОС ардагері Ассау Тютеевтің үйіне барып, аула тазалау жұмыстарын өткізді.
ЭНГМ, ПОВТ-912, СМС-922, ЭЛС-922, 12 топтарында «Великая Победа - Одна на всех» «Никто не забыт, ничто не забыто» ВТ-11,921 топтарында «Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмыт қалмайды» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары өтті.
- Ауған соғысында қаза болған жауынгерлердің мемориалдық ескерткішіне гүл шоқтарын қою және мәңгілік алауға тағызым ету, жас ұрпақтың бойына қазақстандық патриоттық тәрбиені қалыптастыру мақсатында АӘД пәнінің оқытушысы Қ.С. Байгалиев және ОПУД, ПВ-911, УА-912 топтары Қарулы күштерінің ардагерлері Республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрағасының орынбасары Боровский Анатолий Владимировичпен кездесті.
2016 жылдың мамыр айының 4-6 аралығында өткізілген «ХХI ғасырдың жастары және ғылым» атты колледжішілік ІІІ студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясына бөлім оқушылары қатысып Диплом және Алғыс хатты иеленді.
4 мамыр күні бөлімдердің оқытушы және оқушы құрамаларынан құрылған командалар арасында спорттың волейбол түрінен жарыс өтіп мұнай-газ және стандарттау бөлімі 3 орын алды.
2016 жылдың 05 мамырында ВТ-911,913 топтары топ жетекшілерімен бірге облыстық өлкетану мұражайына саяхат жасады.
ОПУД, ПВ-911, ТОР-911, ПОВТ-931,ТПНГ-921топтары тәлімгерімен бірге М.Маметова мұражайында саяхатта болды.
Салауатты өмірді қолдау мақсатында 7 мамыр күні «СЕРПІН -2050» Мәңгілік ел жастары – индустьрияға» әлеуметтік жобасына қатысушы ЭНГМ-11 тобы Батыс өңірінің табиғатымен танысу мақсатында топ тәлімгері Н.М. Жумагалиевамен экскурсияға шықты.
11-12 мамыр аралығында техникалық бөлімнің оқытушысы Б.М. Хайруллин «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Ұлттық экономика министрлігі ұйымдастырған «Бизнес кеңесші» жобасы бойынша қысқа мерзімді оқыту курсын аяқтады.