free templates joomla

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ

WEB-САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ:

«Еңбек нарығы қажеттіліктерінің қарқынды дамуы жағдайында сұранысқа ие, білікті мамандардың кәсіби және тұлғалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында сапалы білім беру қызметін ұсыну».

  

director2

Алимбеков Серик Ахметович

 Директор

Ветеринария ғылымдарының кандидаты 

     Батыс Қазақстан инженерлік – технологиялық колледжі 2000 жылы құрылды.

Колледждің алға қойған мақсаты – еңбек нарығы мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті, кәсіби білімді мамандар даярлау болып табылады. Қазіргі таңда колледжде техникалық, мұнай-газ ісі, экология, ауыл шаруашылығы және экономика салалары негізінде 25 мамандық бойынша мамандар даярланады. Сондай-ақ колледжде күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша негізгі жалпы білім және жалпы орта білім негізінде студенттер білім алуда. Сонымен қатар колледжімізде жоғары білікті, студенттерге сапалы білім беруді және олардың шығармашылық қабілетін дамытуды мақсат еткен оқытушылар қызмет атқарады.

          Жаңалықтар        

             

       БҚИТК ұжымы 1мамыр күні Қазақстан халқының Бірлік күніне орай Қадыр Мырза-Әлі атындағы алаңға шеруге шықты. 

2017.05.1

       2017 жылдың  2  мамыр  күні  УА-912  тобының  тәлімгері М.Д. Хасанова «Казахстанцы на фронтах» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.

2017.05.2

         4 мамыр  күні  ЭЛС-911  топ  тәлімгері Д.К. Туребекова  «Бейбіт күн жасасын әлемде» атты тәрбие сағатын өткізді. 

   2017.05.4

          4 мамыр күні  ТОР-911 топ тәлімгері  Д.А.  Кунакбаева  «Ұлы жеңіске 72 жыл» атты тақырыпқа ашық тәрбие сағатын өткізіді. Бұндағы басты мақсат: Ұлы Отан соғысы,  оның зардаптары,  Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру, оқушыларды Отан үшін жан қиған аталар мен аналардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

2017.05.5   2017.05.6

          Жеңіс күніне орай ЭЛС-11 топ тәлімгері М.М. Укасова «Еңсесі биік – Ұлы Жеңіс» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.

2017.05.7   2017.05.8

        ПОВТ-11 және ЭЛС-11 топ оқушылары Жеңіс күні мейрамына қарсы қаламызда орналасқан батыр қызымыз М.Мәметованың мұражайына барды. Мұражайдан көптеген соғыс кезінде болған деректер, соның ішінде батыр қызымыздың естелік заттарын көрді, бейне суреттермен танысып қайтты.

2017.05.9   2017.05.10

        9 мамыр Жеңіс күні мерекесіне орай ПОВТ-11 тобында «Ұлы Жеңіс жасасын» атты тәрбие сағаты өтті. Оқушылар соғыс кезінен көрініс көрсетті, кинодан үзінді көрсетілді, соғыс кезіндегі оқиғалар туралы деректерді топ тәлімгері айтып өтті.

 2017.05.12   2017.05.13

         6 мамыр күні  Ұлы Отан соғысы жеңісінің 72 жылдығы және Қазақстан Қарулы күштеріне 25 жыл толу мерекесіне орай жатақхана студенттерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында спорттың бірнеше түрінен сайыстар өткізілді. Шараға колледждің жатақхана студенттері аса белсенділікпен қатысып, колледж директоры атынан арнайы дипломдармен марапатталды.

2017.05.17   2017.05.18
   2017.05.15
2017.05.16

      3 мамыр күні ПОВТ-11, ЭЛС-11 топ оқушылары қаламыздағы Дәулеткерей көшесінде тұратын Мутаева Макка қария апамыздың үйіне барып, көмектерін көрсетіп қайтты.

2017.05.19   2017.05.20
2017.05.21   2017.05.22

          2 – 9 мамыр Жеңіс күніне орай  УА-922 тобының тәлімгері Т.И. Павлова «Никто не забыт, ничто не забыто» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.

 2017.05.23   2017.05.24

         9 мамыр Ұлы жеңістің 72 жылдығына орай  ПВ-921 тобының оқушылары топ тәлімгері Д.Т. Хабибуллинамен  бірге ҰОС ардагері М.Ажғуловпен кездесті.

 2017.05.25   2017.05.26

         3   мамыр   күні   «Экология   және   биотехнология»   бөлімі   ветеринария мамандығының ВТ-911 және ВТ-11 топтары жетекшілерімен В.Ж. Альжанова  және Г.Х.Джубанышева Ұлы Отан соғысы жеңісінің 72 жылдық мерейтойына байланысты  «Жеңіске жеткен ұлы күн» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.

 2017.05.27   2017.05.28

      4 мамыр Ұлы Отан соғысы жеңісінің 72 жылдық мерейтойына байланысты  «Экология және биотехнология» бөлімінің ВТ-921, ВТ-21 топтары жетекшілерімен Ж.И.Кульбабаева және Э.К.Каримова «Ұлы Отан соғысы жас ұрпақтың есінде» және «9-мамыр Ұлы жеңіс жасасын» атты ашық тәрбие сағаттары өткізілді.

2017.05.29   
2017.05.31   2017.05.32

                20   мамыр   күні   Батыс   Қазақстан  инженерлік - технологиялық   колледжінде «Өзіңнен баста» өнерлік жобасы аясында флешмоб ұйымдастырылды. «Экология және биотехнология» бөлімінен ВТ-921,21 топ оқушылары белсенді қатысты.

 2017.05.33   2017.05.34

      25  мамырда   «Экология  және  биотехнология»   бөлімінің  ветеринария мамандығының ВТ-911,921,21 топтары жетекшілерімен Ж.И.Кульбабаева, Г.Х.Джубанышева, Э.К.Каримованың жетекшілігімен  «31- мамыр қуғын сүргін құрбандарын еске алу» атты  ашық тәрбие сағаты өткізілді. 

 2017.05.35   2017.05.36

                ПВ - 911   тобының   оқушылары   топ   тәлімгері   Д.К. Рахимгалиевамен  бірге қаламызда оқытушы қызметінде еңбек еткен А.Абақовты Жеңіс күнімен құттықтап, үйіне барып, көмек көрсетті.

 2017.05.37   2017.05.38

         Мамыр айында «Атамекен» лагерінде колледж оқушыларына әскери дайындық өтті.

2017.05.39   2017.05.40
2017.05.41   2017.05.42

      2017 жылдың 18 мамыр күні Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті ұйымдастырған «Алаш орда үкіметіне 100 жыл: тарихы мен тағылымы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясында тарих пәнінің оқытушысы Ш.У. Махметова «Алаш арысы – А.Байтұрсынов» тақырыбы мен қатысып баяндама оқыды.

2017.05.43

            ПВ-911 тобының оқушыларының ЖИТС-тан қайтыс болған адамдарды еске алу мақсатында флешмоб өткізді.

2017.05.44   2017.05.45

        Білім беру саласын дамытуға қосқан мол үлесі мен педагогикалық қызметте шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, біліктілік танытқаны үшін Ш.У. Махметова мен Д.Т. Хабибуллина «Мектеп ұстаздарының әлемі» басылым сайтының бас редакторының атынан Құрмет грамотасымен марапатталды.

2017.05.46 

               Колледж  оқушылары  «Ер  есімі - ел  есімі»  атты  республикалық  интернет-байқауына қатысып, 1,2,3 орындарға ие болды, ғылыми жетекшілеріне балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға және дамытуға жағдай жасап, қолдау көрсеткендігі үшін Алғыс хат берілді.

2017.05.47   2017.05.48

            БҚИТК оқушылары «Көк байрағым» атты республикалық интернет-байқауына қатысып, 1,2,3 орындарға ие болды, ғылыми жетекшілеріне балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға және дамытуға жағдай жасап, қолдау көрсеткендігі үшін Алғыс хат берілді.

2017.05.49   2017.05.50

           2017 жылдың 4 мамыр күні Теректі ауданы Погодаево ауылдық мектептен келген оқушыларға мамандық бойынша кәсіби бағыт бағдар беріліп, ашық есік күні өткізілді. 

2017.05.51   2017.05.52
2017.05.53   2017.05.54

            Осы жылдың 20 мамыр күні Орал Қаласының Әкімдігінің, облыс жастарының қолдауымен Коминтерн ауданындағы Жайық өзені жағалауына тазалауға арналған сенбілік өтті. Оған ТОР-921 және ЭЛС-921 топ оқушылары қатысты.

2017.05.55   2017.05.56

                2017 жылдың 26 мамыр күні «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚФ «Техникалық және кәсіптік білім беруде ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігі» тақырыбындағы колледж оқытушыларына арналған облыстық семинарға «Экология және биотехнология» бөлім оқытушылары Э.К.Каримова және Ш.А.Жанаисова қатысып, сертификат иеленді.

2017.05.57

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тағзым

t_25_zh_t_1.png

 

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ТАҒЗЫМ

 

       Ел Тәуелсіздігі-халқымыздың басты құндылығы деп жар салған еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықтың тағдыры мен болашағын дербес айқындайтын, еркін де егемен елде, бейбітшілік пен келісімде өзара ынтымақтастықта өмір сүруге деген таңдауының тарихы тереңде жатқанын атап айтқан болатын.
      Өткен ғасырдағы түрлі тарихи оқиғалардың бәрі аға ұрпақтардың көз алдында өтті. Бірде құлдырап, бірде өлген қилы жылдарды Қазақ елі бастан кешірді. Еліміздің шекарасы бекітіліп, барлық елдермен достық қатынас орнап, барша адамзат мойындаған ел болдық. Бірлігіне бекем бол, бабалардан қалған аманат деп жырлап өткен Қазақстан қайраткерлері: Ахмет, Сәкен, Мұқағали, Мағжан, Ілияс т.б. даналарымыздың даналығын сақтаудамыз. Бірлікті ту еткен халқымыздың кемел келешегіне ұмтылу, өркениетті елдердің көшіне өршіп қадамдармен ілесуі қуантады. Егемендікті бабаларымыз аңсап өтсе, бүгінде балалары тойлап жатқан заман. Қой жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы, Еліміздің Ата-заңы Конституцияның 20 жылдығы, Халық ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Отан соғысының жеңісіне 70 жыл тойлануы осының айғағы.
    2016 жылдың 16 желтоқсанында - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді.
      Осы орайда, 2015 жылғы 30 қарашадағы халыққа арнаған Жолдауында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басқалы тұрғанымызды айта келіп: «Бұл - тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді.»,- деп алдағы кезеңде кездесетін сын-қатерлерден мүдірмей өтуге шақырды.
      Ұрпақтың бойында патриоттық сана-сезімді нығайтып, тарихи мерекелерді атап өтуде, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінің ұжымы да аянбай еңбек етіп келеді. Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі – өзінің 15 жылдық тарихында білім алушыларға сапалы білім беріп қана қоймай, саналы тәрбие беріп, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сана сезімді қалыптастырып, келе жатырған оқу орындарының бірі. Колледжде Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойы да арнайы жоспар негізінде жоғары деңгейде атап өтілуде. Сондай-ақ колледжімізде тәуелсіздіктің азаттықтың, елдіктің қадір қасиеті білім алушы келешек ұрпаққа түбегейлі түсіндіріліп, азаттықты нәсіп еткен ата-баба ерлігіне тағзым ету шаралары өткізіліп келеді.
      Қазіргі таңда біз үшін ең маңыздысы тәуелсіздігімізді сақтап, Мәңгілік Ел болу. Бүгінде әлем елдері экономикалық дағдарысты бастарынан өткізуде. Мұндай қиындық біздің елімізді де айналып өтпесі анық. Қазақстан тыныштық пен бейбітшілікті көзінің қарашығындай сақтап келе жатқан мемлекет. Мұның бәрі Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың салиқалы саясатының нәтижесі екенін ел біледі.
       Ел өз орайында әрдайым Елбасымен бірге болып, оған қолдау көрсетуде. Егемендігіміздің 25 жылдығын абыроймен қарсы алуымыз бәріміздің міндетті абыройымыз деп білем. Еліміз аман болып, әрқашан алға баса берсін!

Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінің
Тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасары
Сахиев Болатбек Жеткергенұлы

гис-технологии
ткани для вышивания