free templates joomla

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ

WEB-САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ:

«Еңбек нарығы қажеттіліктерінің қарқынды дамуы жағдайында сұранысқа ие, білікті мамандардың кәсіби және тұлғалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында сапалы білім беру қызметін ұсыну».

  

director2

Алимбеков Серик Ахметович

 Директор

Ветеринария ғылымдарының кандидаты 

     Батыс Қазақстан инженерлік – технологиялық колледжі 2000 жылы құрылды.

Колледждің алға қойған мақсаты – еңбек нарығы мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті, кәсіби білімді мамандар даярлау болып табылады. Қазіргі таңда колледжде техникалық, мұнай-газ ісі, экология, ауыл шаруашылығы және экономика салалары негізінде 25 мамандық бойынша мамандар даярланады. Сондай-ақ колледжде күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша негізгі жалпы білім және жалпы орта білім негізінде студенттер білім алуда. Сонымен қатар колледжімізде жоғары білікті, студенттерге сапалы білім беруді және олардың шығармашылық қабілетін дамытуды мақсат еткен оқытушылар қызмет атқарады.

          Жаңалықтар        

             2017 жылдың сәуірдің 7-ші күні колледжі оқушыларына арналған «Зат есім» электронды оқулығын жасау бойынша облыстық байқауында ПОВТ-941 топ оқушысы А.Е. Болатов Adobe Flash бағдарламасында жасалған жобасы үздік танылып, қорғаған жұмысы бойынша  I  орын иеленді. Ғылыми жетекшілері - арнайы пән оқытушысы Г.К. Кудабаева және қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы А.Б.Халелова.

2017.04.1   2017.04.2

             2017 жылдың 8-ші сәуір күні 2017-2018 оқу жылына талапкерлерді қабылдау үшін кәсіби бағыт-бағдар беру жүзеге асыру аясында мектеп оқушыларына ашық есік күндері  өткізілді.

2017.04.3   2017.04.4
   2017.04.6

       2017   жылдың  15-ші  сәуір  күні  «ҒЫЛЫМ  және  БІЗ»  ғылыми-практикалық конференцияғылыми проблемалармен айналысатын  қалалық мектеп оқушыларының  қатысуымен өтті.

    2017.04.7   2017.04.8
2017.04.9   2017.04.10

     Сәуір айының 10 мен 14 күні аралығында колледжішілік «Үздік жас оқытушы» байқауыөткізілді. Экономикалық және гуманитарлық пәндер бөлімінің оқытушысы Г.М.Батырниязова 1 орын, техникалық бөлім оқытушысы М.М. Укасова 2 орын , ал экология және биотехнология бөлімінің оқытушысы Г.Х. Джубанышева 3 орынды иеленді.

2017.04.11   2017.04.12
2017.04.13

             2017 жылдың 17-ші сәуір күні колледжде бөлім аралық студенттер арасында волейболдан сайыс өтті.

2017.04.14   2017.04.15

             4 сәуір күні техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасындағы   «Жастардың ғылыми-ізденісі- Қазақстанның болашағы» атты облыстық ғылыми-техникалық оқуларына Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі, мұнай-газ және стандарттау бөлімінің студенті Культюшнова Анастасия  (жетекшісі - Н.М. Жумагалиева) қатысып, жаңашыл аталымымен марапатталды.

2017.04.16

          Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік арнайы пән оқытушысы» атты сайысқа оқытушылар қатыстыру мақсатында 12-18 сәуірде «Үздік арнайы пән оқытушысы» атты колледжішілік сайыс өтті. Нәтижесінде, экология және биотехнология бөлімінің оқытушысы Э.К. Каримова 3 орын, мұнай-газ және стандарттау бөлімінің оқытушысы Г.Г. Беркалиева 2 орын, ал мұнай-газ және стандарттау бөлімінің оқытушысы А.Н. Жумашева 1 орынды жеңіп алды.
          «Үздік арнайы пән оқытушысы» байқауы 21 сәуір күні Тайпақ колледжінде өткізілді. А.Н. Жумашева қатысып, жүлделі 2 орынды иеленді.

2017.04.17

          26  сәуір  күні  М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  университетінде  «Парасыз болашаққа бірге акциясы» өткізілді. Осы шараға колледжімізден ВТ-921 студенттерімен оқытушы Г.Х.Джубанышева  ат салыса қатысты.

2017.04.18   2017.04.19

Жалпыға ортақ еңбек қоғамы

                                               

 

ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫ

 

       Әр бейнеттің - зейнеті бар... Үлкендеріміз осылай деп отыратын! Бұл жерде бейнет дегенде, тер ташылатып, қажыр жұмсап,адал атқаратын еңбекті айтатын аға ұрпақ. Халықтың игілігіне, Отан - анамыздың өркеніне жан аямай қызмет етудің өнегесін өз басым Елбасымыздың тынымсыз қызметтерінен көремін.
       Қай қоғамның да жасампаздық  қуатының күші,  қайнары - еңбекте.  Рас, Тәуелсіздік қоғамымызға еңбек еркіндігін сыйлады. Кеңес заманындағыдай мәжбүрлеп жұмыс істету жоқ. Әр кім де нендей кәсіппен шұғылданам десе де, еркі, қалауы біледі.
       Елбасымыз Отанымыздың өркені жолындағы еңбекке шақырып отыр, Еңбек болғанда, жасампаз еңбекке! Тұңғыш Президентіміз, Ұлтымыздың шын мәніндегі Лидері келешектің көкжиегін көріп отыр, халқының жасампаз қуаттарына сеніп отыр. Сондықтан, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»-Елбасымыздың өзі айтып отырғанындай, әр қазақстандыққа қамқорлық көрсету, кез келген отбасыға ұрпағының болашағы үшін білек сыбанып еңбекке шындап араласуға шақыру! Бұл жерде қазакеңнің «таңғы ас-тәңірден» пайымы жүрмейді. «Үкімет әкеп берсін,жәрдем берсін» - деген, әлеуемттік масылдық пиғылдан арылуымыз керек. Жаһандық дағдарысты тудырған бір себептің өзі де осы әлеуеметтік масылдықта жатқанын білеміз. Елбасмыздың өзі атап өтіп отырғандай, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы - прагматикалық, іс жүзінде жүзеге асар мүмкіндік қуаттары қайнарлы идея. Бүгінгі қоғамда «жан қинамай-ақша табу», «тақыр жерден-ақша жасау» секілді сананы улап, жасампаз еңбекке деген көзқарасты, ынтаны тұмшалайтын пиғылдардың бар екені жасырын ба! Нағыз жасампаз еңбекпен айналысып жүрген адамдарымыздың беделін көтеру, оларды өзгелерге өнеге ету қажет. Еңбегі қоғамға сіңбесе, ортақ өркенге үлесін қоспаса, тек қана, қара басының ғана қам-қарекетімен жүрсе, ауылының, қаласының жағдайын түзеуге ықыласы болмаса, ондай адамдарға деген сый-құрмет те өзге болуы шарт. Елдің ақысын жеп,еңбегін бермей кеткен, сөйтіп, байығандар да барлығы рас.
     Отанының, мемлекетінің мұраттарын ойламайтындарға ақ жол ашпауымыз керек. Сонда, жемқорлықтың желкесі қиылады, өрісі тарылады...Тек қана, адал, жасампаз еңбек Отынымыздың одан әрі гүлденуіне даңғыл жол салады.
     Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясын ілгерілету бойынша Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінде де бірқатар жұмыстар жүзеге асырылып келеді.
       Мәселен, колледжде әлеуметтік серіктестермен жұмыс жағдайының бір жолға түсіп, қарқынды дамуына байланысты, бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мақсатында, 2012 жылдан бастап екі мамандық бойынша, яғни 1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», 1513000 «Мал дәрігерлігі», ал 2014 жылдан бастап 1202000 «Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару» мамандығы дуалды оқыту жүйесінің (ДОЖ) моделімен оқытылуда.
       Дуалды оқыту жүйесінің элементтерін жүзеге асыру үшін, колледж БҚО Кәсіпкер палатасымен бірлесе отырып, «Урал ТехСервис» ЖШС, «Ізденіс» ЖШС, «Пассажир-Авто» ЖШС, «Оралагрореммаш» ЖШС, «Ардактау» оқу орталығы, «Казахавтодор» РММ, «КазАвтожол» БҚФ, «Ғылыми-зерттеу ветеринарлық станциясы» ЖШС, «Орал трансформатор заводы» ЖШС мекемелерімен үш жақты келісім шарт жасап, жұмыстар жүргізіп келеді.
     Сондай-ақ колледж оқушыларын еңбекке баулу, өз мамандығына деген қызығушылығын арттыру мақсатында өнеркәсіп мамандарымен жиі кездесулер өткізіліп отырады.
     Елбасымыз әлеуеметтік жаңғыртулардың мақсаттары мен міндеттерін, негізі қағидаттарын даналықпен ашып көрсетіп беріп отыр. Бәріміз де Елбасымыз айтқандай, индустриялық-инновациялық дамудың аясында қоғамды жаңғыртуға аянбай ат салысыуымыз керек. Неге десеңіз, әлеуметтік жаңғырту-біздің әр қайсымыздың жақсы өміріміз үшін керек. Ал, бұл мақсатты іске асыру үшін еселі еңбек шешуші ұлттық фактор болмақ.
      Президенттің атқарушы билікке беріп отырған 20 тапсырмасы негізінде және халықтың белсене еңбек жасауының арнасында Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы трендінің де тәуелсіз Қазақстанда осыған дейінгі жеткен асуларымыз секілді жүзеге асарына, өміріміздің өзегіне айналарына сеніміміз кәміл!

гис-технологии
ткани для вышивания