free templates joomla

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ

WEB-САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ:

«Еңбек нарығы қажеттіліктерінің қарқынды дамуы жағдайында сұранысқа ие, білікті мамандардың кәсіби және тұлғалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында сапалы білім беру қызметін ұсыну».

  

director2

Алимбеков Серик Ахметович

 Директор

Ветеринария ғылымдарының кандидаты 

     Батыс Қазақстан инженерлік – технологиялық колледжі 2000 жылы құрылды.

Колледждің алға қойған мақсаты – еңбек нарығы мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті, кәсіби білімді мамандар даярлау болып табылады. Қазіргі таңда колледжде техникалық, мұнай-газ ісі, экология, ауыл шаруашылығы және экономика салалары негізінде 25 мамандық бойынша мамандар даярланады. Сондай-ақ колледжде күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша негізгі жалпы білім және жалпы орта білім негізінде студенттер білім алуда. Сонымен қатар колледжімізде жоғары білікті, студенттерге сапалы білім беруді және олардың шығармашылық қабілетін дамытуды мақсат еткен оқытушылар қызмет атқарады.

          Жаңалықтар        

             2017 жылдың сәуірдің 7-ші күні колледжі оқушыларына арналған «Зат есім» электронды оқулығын жасау бойынша облыстық байқауында ПОВТ-941 топ оқушысы А.Е. Болатов Adobe Flash бағдарламасында жасалған жобасы үздік танылып, қорғаған жұмысы бойынша  I  орын иеленді. Ғылыми жетекшілері - арнайы пән оқытушысы Г.К. Кудабаева және қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы А.Б.Халелова.

2017.04.1   2017.04.2

             2017 жылдың 8-ші сәуір күні 2017-2018 оқу жылына талапкерлерді қабылдау үшін кәсіби бағыт-бағдар беру жүзеге асыру аясында мектеп оқушыларына ашық есік күндері  өткізілді.

2017.04.3   2017.04.4
   2017.04.6

       2017   жылдың  15-ші  сәуір  күні  «ҒЫЛЫМ  және  БІЗ»  ғылыми-практикалық конференцияғылыми проблемалармен айналысатын  қалалық мектеп оқушыларының  қатысуымен өтті.

    2017.04.7   2017.04.8
2017.04.9   2017.04.10

     Сәуір айының 10 мен 14 күні аралығында колледжішілік «Үздік жас оқытушы» байқауыөткізілді. Экономикалық және гуманитарлық пәндер бөлімінің оқытушысы Г.М.Батырниязова 1 орын, техникалық бөлім оқытушысы М.М. Укасова 2 орын , ал экология және биотехнология бөлімінің оқытушысы Г.Х. Джубанышева 3 орынды иеленді.

2017.04.11   2017.04.12
2017.04.13

             2017 жылдың 17-ші сәуір күні колледжде бөлім аралық студенттер арасында волейболдан сайыс өтті.

2017.04.14   2017.04.15

             4 сәуір күні техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасындағы   «Жастардың ғылыми-ізденісі- Қазақстанның болашағы» атты облыстық ғылыми-техникалық оқуларына Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі, мұнай-газ және стандарттау бөлімінің студенті Культюшнова Анастасия  (жетекшісі - Н.М. Жумагалиева) қатысып, жаңашыл аталымымен марапатталды.

2017.04.16

          Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік арнайы пән оқытушысы» атты сайысқа оқытушылар қатыстыру мақсатында 12-18 сәуірде «Үздік арнайы пән оқытушысы» атты колледжішілік сайыс өтті. Нәтижесінде, экология және биотехнология бөлімінің оқытушысы Э.К. Каримова 3 орын, мұнай-газ және стандарттау бөлімінің оқытушысы Г.Г. Беркалиева 2 орын, ал мұнай-газ және стандарттау бөлімінің оқытушысы А.Н. Жумашева 1 орынды жеңіп алды.
          «Үздік арнайы пән оқытушысы» байқауы 21 сәуір күні Тайпақ колледжінде өткізілді. А.Н. Жумашева қатысып, жүлделі 2 орынды иеленді.

2017.04.17

          26  сәуір  күні  М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  университетінде  «Парасыз болашаққа бірге акциясы» өткізілді. Осы шараға колледжімізден ВТ-921 студенттерімен оқытушы Г.Х.Джубанышева  ат салыса қатысты.

2017.04.18   2017.04.19

Талапкер-2016

«БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
КОЛЛЕДЖІ» МЕББМ

       2017-2018 оқу жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі, «Мәңгілік Ел жастары - индустрияға» әлеуметтік жобасы негізінде Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Маңғыстау облыстарының мектеп түлектерін келесі мамандық бойынша оқуға қабылдайды.

Мамандық: 0802000-«Мұнай –газ құбырлары мен қоймаларын салу және пайдалану»

Біліктілік: 0802043– техник - механик

Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай (11 сынып негізінде)

«Мәңгілік Ел жастары - индустрияға» әлеуметтік жобасы негізінде оқуға түскен білім алушыларға келесідей жағдайлар жасалады:

   • Мемлекеттік білім гранты бойынша білім алады;
   • Шәкіртақы төленеді;
   • Жатақханамен қамтамасыз етіледі;
   • Жолақылары төленеді;
   • Бір реттік қыстық киіммен қамтамасыз етіледі.

Колледжге түсу үшін қажетті құжаттар:

   • өтініш;
   • аттестат;
   • 3х4 көлеміндегі 4 фото;
   • медициналық анықтама (086-у үлгісі флюрографияға түсу міндетті);
   • медициналық анықтама (063-у үлгісінің көшірмесі, күндізгі оқу түрі үшін);
   • жеке куәлік немесе туу туралы куәлік көшірмесі;
   • жанұя құрамы жөнінде анықтама немесе үй кітапшасының көшірмесі.
   
• мекен-жайы анықтамасы

Өтінішті қабылдау мерізімі:

Күндізгі бөлім үшін 20 маусымнан 20 тамыз аралығы;

Колледжге қабылдау 11 сынып негізінде бітірушілерге колледжде өткізілетін кешенді тестілеу қорытындысы бойынша немесе ҰБТ нәтижесінде жүзеге асырылады
Біздің мекен жайымыз: Орал қаласы, Достық даңғылы 215
Қабылдау комиссиясы: Ықсанов көш 44/1
тел/факс: (7112) 51-35-31, тел.: (7112) 50-98-14.
www.wketc.kz, [email protected]

Қосымша байланыс телефондары:
Балуанова Жансауле Кабдуловна – 87756665350

Сахиев Болатбек Жеткергенович - 87018507506

гис-технологии
ткани для вышивания