free templates joomla

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ

WEB-САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ:

«Еңбек нарығы қажеттіліктерінің қарқынды дамуы жағдайында сұранысқа ие, білікті мамандардың кәсіби және тұлғалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында сапалы білім беру қызметін ұсыну».

  

director2

Алимбеков Серик Ахметович

 Директор

Ветеринария ғылымдарының кандидаты 

     Батыс Қазақстан инженерлік – технологиялық колледжі 2000 жылы құрылды.

Колледждің алға қойған мақсаты – еңбек нарығы мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті, кәсіби білімді мамандар даярлау болып табылады. Қазіргі таңда колледжде техникалық, мұнай-газ ісі, экология, ауыл шаруашылығы және экономика салалары негізінде 25 мамандық бойынша мамандар даярланады. Сондай-ақ колледжде күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша негізгі жалпы білім және жалпы орта білім негізінде студенттер білім алуда. Сонымен қатар колледжімізде жоғары білікті, студенттерге сапалы білім беруді және олардың шығармашылық қабілетін дамытуды мақсат еткен оқытушылар қызмет атқарады.

          Жаңалықтар        

             2017 жылдың сәуірдің 7-ші күні колледжі оқушыларына арналған «Зат есім» электронды оқулығын жасау бойынша облыстық байқауында ПОВТ-941 топ оқушысы А.Е. Болатов Adobe Flash бағдарламасында жасалған жобасы үздік танылып, қорғаған жұмысы бойынша  I  орын иеленді. Ғылыми жетекшілері - арнайы пән оқытушысы Г.К. Кудабаева және қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы А.Б.Халелова.

2017.04.1   2017.04.2

             2017 жылдың 8-ші сәуір күні 2017-2018 оқу жылына талапкерлерді қабылдау үшін кәсіби бағыт-бағдар беру жүзеге асыру аясында мектеп оқушыларына ашық есік күндері  өткізілді.

2017.04.3   2017.04.4
   2017.04.6

       2017   жылдың  15-ші  сәуір  күні  «ҒЫЛЫМ  және  БІЗ»  ғылыми-практикалық конференцияғылыми проблемалармен айналысатын  қалалық мектеп оқушыларының  қатысуымен өтті.

    2017.04.7   2017.04.8
2017.04.9   2017.04.10

     Сәуір айының 10 мен 14 күні аралығында колледжішілік «Үздік жас оқытушы» байқауыөткізілді. Экономикалық және гуманитарлық пәндер бөлімінің оқытушысы Г.М.Батырниязова 1 орын, техникалық бөлім оқытушысы М.М. Укасова 2 орын , ал экология және биотехнология бөлімінің оқытушысы Г.Х. Джубанышева 3 орынды иеленді.

2017.04.11   2017.04.12
2017.04.13

             2017 жылдың 17-ші сәуір күні колледжде бөлім аралық студенттер арасында волейболдан сайыс өтті.

2017.04.14   2017.04.15

             4 сәуір күні техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасындағы   «Жастардың ғылыми-ізденісі- Қазақстанның болашағы» атты облыстық ғылыми-техникалық оқуларына Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі, мұнай-газ және стандарттау бөлімінің студенті Культюшнова Анастасия  (жетекшісі - Н.М. Жумагалиева) қатысып, жаңашыл аталымымен марапатталды.

2017.04.16

          Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік арнайы пән оқытушысы» атты сайысқа оқытушылар қатыстыру мақсатында 12-18 сәуірде «Үздік арнайы пән оқытушысы» атты колледжішілік сайыс өтті. Нәтижесінде, экология және биотехнология бөлімінің оқытушысы Э.К. Каримова 3 орын, мұнай-газ және стандарттау бөлімінің оқытушысы Г.Г. Беркалиева 2 орын, ал мұнай-газ және стандарттау бөлімінің оқытушысы А.Н. Жумашева 1 орынды жеңіп алды.
          «Үздік арнайы пән оқытушысы» байқауы 21 сәуір күні Тайпақ колледжінде өткізілді. А.Н. Жумашева қатысып, жүлделі 2 орынды иеленді.

2017.04.17

          26  сәуір  күні  М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  университетінде  «Парасыз болашаққа бірге акциясы» өткізілді. Осы шараға колледжімізден ВТ-921 студенттерімен оқытушы Г.Х.Джубанышева  ат салыса қатысты.

2017.04.18   2017.04.19

0513000-Маркетинг

1. Мамандық: 0513000 – «Маркетиг (салалар бойынша)»
Біліктілігі: 0513000– Маркетолог

 

2. Ұқсас мамандықтар:
   √ Бренд-менеджері
   √ PR менеджері
   √ Сату  менеджері
   √ Жарнама жұмысының менеджері

 

3. Кәсіби қызмет саласы: басқарушылық, қаржы, экономика

 

4. Мамандықтын біліктілігі.
   Еңбек  пәні  бойынша  кәсіптердің  түрі:   маркетологтың  негізі  қызметі  сандық жұмыспен формула және кестемен байланысты
   Кәсіптер түрінің белгісі бойынша мақсаттары: іздену
   Еңбек құралы бойыншамамандық типі: қол көмегімен
   Кәсіптер еңбек белгісіне қарай: «бөлме» жағдайында

 

Мамандық классы:  маркетолог шығармашылық (ізденімпаздық)  еңбек мінездемесі бойынша  мамандық  стандартқа сәйкес келмейтін шешім қабылдаумен, жобалаумен, ұйымдастыру және басқарумен, талдаумен байланысты, тәуелсіз бастапқы ойлауды талап етеді

 

5. Мамандықтың  сипаттамасы:   маркетолог – нарықтағы  сұраныс пен ұсынысты, тауарлар  мен қызметтерді  жоспарлау, талдау және кәсіпорын қызметінің тиімділігін жоспарлайтын маман.
Маркетологтың  негізгі  қызметіне:  нарықтағы  тауарлар  мен  қызметтерді  бақылау, тауардың сапалы қызметін көтеру жолдарын, бәсекелестік қызметін бақылау.

1   

Маркетологтың негізгі қызмет түрлеріне  келесілер жатады:
   - өнімді  тұтынушылық  сұраныс  қарқынын  қалыптастыратын негізгі факторларды анықтау үшін зерттеу жүргізу;
   - нарықтың  сигменттелуін  оқып  білу,  баға  белгілеуді  және тұтынушы ұсынысын талдау   мен   сатуды,  өткізу   каналдарының  болжамын  жаңа  нарықтарды  ашумен, жарнама     тиімділігін     бағалаумен,     бәсекелестердің     қызметімен     байланысты маркетингтік зерттеу жүргізу;
   - өндірістік  өнімге  тұтынушылық  сұранысты  қалыптастыру,  өткізудің  неғұрлым тиімді нарықтарын,  сондай-ақ  тауардың сапалық  сипаттамаларына қойылатын (оны өндіру тәсіліне, қызмет ету мерзіміне, қораптауға) талаптарды анықтау;
   - сұраныс  типтерін,  оның  жоғарлау  және  төмендеу  себептерін,  тауарды өткізуге әсер    ететін    факторларды   зерттеу,   тұрғындардың   тұтынушылық   қаблеттерінің дифференциясын оқып білу;
   - сұранысты  қалыптастыру  және  өткізуді  ынталандыру  бойынша  бағдарламалар сондай-ақ,   қолда   бар   ресурстарға   сәйкес   нарық   таңдауы   бойынша  ұсыныстар әзірлеу;
   - өз    күштерімен    немесе    өзге    ұйымдардың    күшімен   баспалық-жарнамалық материалдарды   әзірлеуді   ұйымдастыру,   осы   материалдарды   тестілеуден  өткізу, баспалық-жарнамалық   материалдар  дизайны  бойынша  ұсыныстар  немесе  оларды әзірлеу үшін қажетті ақпараттарды қалыптастыру;
   - компанияның    фирмалық    стилін    қалыптастыру    және    жарнамалық    өнімді фирмалық рәсімдеу бойынша ұсыныстар әзірлеу.

 

6. Маманға қойылатын ерекше талаптар:
   Маркетолог  талапшылдық,  шыдамдылық,  жауапкершілік,  жұмысты  беріле істеу, адалдық,   тиянақтылық,   эмоционалды   тұрақтылық   (өзін-өзі бақылау қаблеттілігі) әділеттілік,    мақсатқа    ұмтылғыштық    сияқты   жеке   қасиеттерді   меңгеруі   тиіс.

Маркетологтың кәсіби маңызды қасиеттеріне мыналар жатады:
   - математикалық қабілеттердің жоғарғы деңгейі;
   - алынған ақпаратты талдау, синтездеу қабілеттілігі;
   - жоғары стресстік төзімділік;
   - техникалық дайындық (дербес компьютерде жұмыс жасау дағдысы);
   - ағылшын тілін жақсы меңгеруі;
   - шығармашылық қабілеттілік.

3

7. Медициналық қарсы көрсетілімдер:
   √ жүйке жүйесінің аурулары
   √ жүйке жүйесінің ауытқуы
   √ жоғары қысым, мигрень, бас аурулары
   √ көру мүшелерінің күрделі ақаулары кезінде.

 

8. Кәсіптік дайындыққа қойылатын талаптар:
Маркетолог білуі тиіс:
   - экономикадағы   қаржылардың   мәнін,    қызметі  мен  ролін,   ақшаның  мәні  мен қызметін, ақша айналымын, қаржыландыру мен ақша-несие саясатын;
   - қаржылық  жоспарлау мен қаржылық бақылау әдістерін; салық заңдылықтарының негізгі ережелерін;
   - салықтық қызметті ұйымдастыруды;
   - салықтың  негізгі  түрлерін  есептеу әдістемесін; маркетингтік қызметтің құрамды элементтері:  мақсаттары мен міндеттерін,  қажеттілікті  қанағаттандыру құралдарын, тауарларды бөлу және жылжыту құралдарын;
   - маркетингтік коммуникация және олардың сипаттамасын;
   - нарықты  оқып  білу  әдістерін  қоршаған  ортаны  талдауды; бәсекелестік ортаны, бәсеке қаблеттіліктерді бағалау көрсеткіштерін;
   - маркетингтік басқаруды.

Маркетолог істей алуы тиіс:
   - қаржылық құжаттар мен есептерді жасай білуі;
   -  салық салу саласында нормативтік-құқықтық актілерді қолдана білуді;
   - салықтарды есептеу  алуды;
   - сауда  ұйымдарының  қаржылық-шаруашылық  қызметтерін,  нәтижелерін  талдай білуді;
   - маркетингтік   коммуникацияны   пайдалана   отырып,  өткізу  каналдары  арқылы тауарларды жылжыту мен оларды бөлуді қамтамасыз етуді;
   - тауардың бәсекеге қабілеттілігін бағалауды;
   - нарыққа маркетингтік зерттеулер жүргізуді.

 

9.  Қолданылу саласы:
   Маркетолог   мамандығы   қажетті   мамандықтар   қатарына  жатады.  Маркетолог  өндіріс кәсіпорындарында, сауда орындарында жұмыс жасай алады. Банктерде, сауда ұйымдарында, өндірістік холдингтерде маркетинг бөлімдері бар. Маркетолог арнайы консалтингтік компанияларда маркетингтік  зерттеу қызметін көрсете алады.

 

10. Еңбек шарты:
  Маркетолог бірнеше мамандардан тұратын ортада және өз бетінше жұмыс жасайды.

 

11. Кәсіптік қауіп:
   Жұмыс    жағдайы    отырып    жасалынғандықтан,   арқа    және   мойын   ауруымен байланысты  кәсіби  аурулар  болуы  мүмкін.  Ұзақ  уақыт  бойы компьютерде жұмыс жасау, көздің көру қабілетіне әсер етеді.

 

12. Талап етілетін кәсіптік білімдер:
   «Маркетолог»  біліктілігін  игеру  үшін  0513000 – «Маркетиг (салалар бойынша)»  мамандығы бойынша орта кәсіби білімі болуы тиіс.

 

13. Мансаптық өсу
   Халықаралық  стандарт бойынша шет тілін білу,  жаңа компьютерлік бағдарламаны меңгеру   өсу,   тәжірибені   көтеру   арқылы   мансаптық   өсуге   болады.  Маркетинг мамандығы  бойынша  жоғары   лауазымды  дәрежені  маркетинг  бөлімінің  бастығы немесе директорының орынбасары лауазымына көтерілу мүмкіндігі бар.

гис-технологии
ткани для вышивания