2016 жылдын 2 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай «Спорт – денсаулық кепілі» атты колледж ішілік бөлімдер арасында спорттық сайыс өткізілді. Мақсаты: Спортты дамыту және насихаттау, салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу.
Колледж ішілік бөлімдер арасында ұйымдастырылған спорттық шарадан «Экология және биотехнология» бөлімі бас жүлдені иеленді.«Мұнай-газ және стандарттау» бөлімі жүлделі 2 орынды иеленді, ал 3 орын техникалық бөлім оқушылары женып алды.
06.12.16 ж. Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығына орай 25 өндіріс орындары іске қосылды. Солардың бірі болып ЖШС «Аквамәдениеттің өнеркәсіптік-тәжірибелік өндірісінің оқу-ғылыми кешенін» БҚО әкімімен бірге тікелей эфирде телекөпір арқылы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ашып берді. Бұл шараға колледжімізден 1505000 - «Балық шаруашылығы» мамандығының 2-3 курс (РХ-21, РХ-31) оқушылары қатысты.
14.12.16ж. «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке 25 жыл» және «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»атты ВТ-21, ВТ-921 топтарында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.Бұл ашық тәрбие сағатына оқытушылар мен оқушылар белсене ат салысты.
Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.
08.12.16ж. медициналық колледжде өткен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл: жасампаздығы мен жарқын болашағы» атты облыстық студенттік ғылыми-практикалық конференциясына Г.К. Кудабаеваның жетекшілігімен ПОВТ-11 топ оқушысы Тұрдалы Б., Б.Т.Таутешованың жетекшілігімен ПОВТ-11 топ оқушысы Тынышбек М., М.М.Укасованың жетекшілігімен ЭЛС-931 топ оқушысы Орынбасар Д. қатысып, сертификат алды.
10.12.16ж. Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай «Бозбала мен бойжеткен - 2016» облыстық сайысында ТМС-911 топ оқушысы Болатова А. мен ЭЛС-11 топ оқушысы Шәйділдаев Ж. қатысып жүлделі 1 орынды иеленді.
07.12.16ж. ЭЛС-911 және ТМС-911 топ оқушылары және топ тәлімгерлері Аракпаева А.Р., Туребекова Д.К. бірге «Тәуелсіздік ел тұғыры» атты ашық тәрбие сағатын өткізді, ондағы басты мақсат оқушылардың патриоттық сезімін ояту, ел бірлігі, ел тарихы туралы мағлұмат беру.
2016 жылдың 6 желтоқсанында ПВ-921 тобының тәлімгері Хабибуллина Д.Т. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Желтоқсан желі ызғарлы» атты тәрбие сағатын өткізді.
2016 жылдың 10 желтоқсанында арнайы пәндер оқытушылары Хабибуллина Д.Т. мен Хасанова М.Д. ПВ-931, ПВ-921 оқушыларына құқық қорғау өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.
2016 жылдың 13 желтоқсанында ПВ-921 тобы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шараға көрермен ретінде қатысты.
ПВ-911 тобының тәлімгері Рахимгалиева Д.К. «Тәуелсіздік – шежіресі желтоқсан» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.
2016-2017 оқу жылдың 12.12 -16.12 аралығында гуманитарлық циклдік комиссиясының тарих пәні апталығында өткізілген ашық іс-шаралар:
- Тарих пәнінің оқытушысы С.А.Жумашева «Тәуелсіздік тұғыры биікте!» ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған тәрбие сағатын өткізді.
- Тарих пәнінің оқытушысы Л.А.Канаткалиева «Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы» атты тәрбие сағатын өткізді.
- Тарих пәнінің оқытушысы Ш.У.Махметова «Независимость: чаяние предков – реальность потомков» атты тәрбие сағатын өткізді.
- Тарих пәнінің оқытушысы Г.А.Сагатова «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық жағдайы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
- Оқытушылар Л.А.Канаткалиева мен Г.А.Сагатова «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» ҚР Тәуелсіздігің 25 жылдығына арналған тәрбие сағатын өткізді.