1. Мамандық: 1505000 – «Балық шаруашылығы»
Біліктілігі: 1505043 – Техник –балық өсіруші
2. Ұқсас мамандықтар: зоотехник, балық өсіру бойынша зооинженер, биолог -ихтиолог
3. Кәсіби қызмет саласы: Агроөнеркәсіп кешені
4. Мамандықтын біліктілігі.
Еңбек пәні бойынша кәсіптердің түрі: техник - балық өсірушінің негізгі қызметі балықтармен тікелей байланысты, соған сәйкес мамандық еңбек саласы бойынша «Адам-табиғат» типіне жатады.
Кәсіптер түрінің белгісі бойынша мақсаттары: мамандықты іздестіру
Еңбек құралы бойынша мамандық типі: қол көмегімен
Кәсіптер еңбек белгісіне қарай: зауыттық жағдайда және ашық аспан астында
Мамандық классы: атқарушы
5. Мамандықтың сипаттамасы:
Техник – балық өсіруші – тоғандық және зауыттық жағдайда тауарлық балықтар мен басқада гидробионттарды өсіру бойынша маман.
Техник-балық өсірушінің негізгі қызмет түрлері: өсіру материалдарын, тауарлық балықтарды және басқа да аквакультура объектілерін көбейту және өсіру бойынша кәсіпорындардағы технологиялық процестерді ұйымдастыру және бақылау; балық шаруашылығы су қоймаларындағы қоршаған орта факторлары жағдайына бақылау жүргізу; балықтарға толықтай биологиялық талдау, паразитологиялық тексеру және ихтиопатологиялық зерттеулер жүргізу; су қоймаларының балық жағдайын және азық қорын бағалау.
Техник-балық өсірушінің негізгі міндеті:
- жасанды жолмен өндіргіштерден уылдырықтар мен шоғалдарды алу әдісін білу;
- жасанды ұрықтандыру бойынша операцияларды жүргізу;
- уылдырықтарды инкубациялауды жүргізу;
- судағы газдардың жағдайын анықтау;
- су қоймаларына балықтарды жіберу.
6. Маманға қойылатын ерекше талаптар:
√ мұқият көңіл бөлу (балықтың жағдайын бақылау кезінде көп жағдайларды бақылауды қамтамасыз ету);
√ тұрақты және таңдаулы көңіл бөлу (балықтарды іріктеу кезінде қажет);
√ қосымша көңіл бөлу (азықтандыру кезінде);
√ жақсы денсаулық, физикалықтөзімді;
√ жақсы есте сақтау (икемді қозғалысты қамтамасыз етеді).
7. Медициналық қарсы көрсетілімдер:
√ ревматизм,
√ тыны салу және қан айналым мүшелерінің аурулары;
√ тірек-қимыл аппаратының қызметінің бұзылуы;
√ жұқпалы және тері аурулары, аллергия;
√ көру мүшелерінің күрделі ақаулары кезінде.
8. Кәсіптік дайындыққа қойылатын талаптар:
Техник-балық өсіруші білуі тиіс:
- балық түрлерін, физиологиясын және биологиясын;
- дамудың түрлі сатыларындағы балықтарды өсіру процестерін;
- азық түрлерін, оларды дайындау және балықтарды азықтандыру әдістерін;
- тоғандарды өңдеу тәсілдерін, су қоймаларын құру үшін геология элементтерін;
- балықтарды аулау тәсілдері мен ережесін, оларды іріктеу;
- асылдандыру жұмыстарының тәсілдерін;
- метеорология элементтерін.
Техник-балық өсіруші істей алуы тиіс:
- минералды және органикалық тыңайтқыштарды дұрыс қолдану;
- талдауға арналған планктон сынамаларын ережеге сәйкес алу және бекіту;
- балықтарды су қоймаларына жіберу;
- судағы газдарды анықтау;
- жасанды жолмен өндіргіштерден уылдырықтар мен шоғалдарды алу әдісін білу;
- жасанды ұрықтандыру бойынша операцияларды жүргізу.
9. Қолданылу саласы:
Техник - балық өсіруші балық өсіру зауыттарында, ғылыми - зерттеу институттарында, зоодүкендерде, жануарларды қорғау бойынша инспекцияларда, тағамдық балық өнімдерін өңдеу және шығару бойынша кәсіпорындарда, балықтарды өндірістік көбейту бойынша тоған шаруашылықтарында, көлдерде, су қоймаларында жұмыс жасай алады.
10. Еңбек шарты:
Техник - балық өсіруші бірнеше мамандардан тұратын ортада жұмыс жасайды. Балық өсірушілер ғимараттарда және ашық аспан астында да жұмыс жасайды. Балық өсірушілер үшін арнайы киімдер қарастырылған.
11. Кәсіптік қауіп:
Жұмыс процесі кезінде жұмысшыларға қауіпті және зиянды өндірістік факторлар әсер етуі мүмкін: қозғалмалы транспорты құралдар, машиналар, механизмдер; жүк көтеру транспорттарының, өндірістік құрылғылардың қозғалмалы бөліктері; жұмыс аймағының жоғарғы немесе төменгі ауа температурасы; жұмыс аймағының жоғары шуылы; жарықтың әлсіздігі; сыртқы метеорологиялық факторлардың әсер етуі (жел, жауын-шашын т.б.), физикалық күш түсу.
12. Талап етілетін кәсіптік білімдер:
«Техник-балық өсіруші» мамандығын игеру үшін 1505000 «Балық шаруашылығы» мамандығы бойынша орта кәсіби білімі болуы тиіс.
13. Мансаптық өсу
Мамандық бойынша жоғары білім алу арқылы техник-балық өсіруші ихтиолог маманы бола алады. Сонымен бірге маман жеке кәсібін ұйымдасытыруы мүмкін.