БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ
WEB-САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ:
«Еңбек нарығы қажеттіліктерінің қарқынды дамуы жағдайында сұранысқа ие, білікті мамандардың кәсіби және тұлғалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында сапалы білім беру қызметін ұсыну».
Алимбеков Серик Ахметович Директор Ветеринария ғылымдарының кандидаты |
Батыс Қазақстан инженерлік – технологиялық колледжі 2000 жылы құрылды.
Колледждің алға қойған мақсаты – еңбек нарығы мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті, кәсіби білімді мамандар даярлау болып табылады. Қазіргі таңда колледжде техникалық, мұнай-газ ісі, экология, ауыл шаруашылығы және экономика салалары негізінде 25 мамандық бойынша мамандар даярланады. Сондай-ақ колледжде күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша негізгі жалпы білім және жалпы орта білім негізінде студенттер білім алуда. Сонымен қатар колледжімізде жоғары білікті, студенттерге сапалы білім беруді және олардың шығармашылық қабілетін дамытуды мақсат еткен оқытушылар қызмет атқарады.
Жаңалықтар
2017 жылдың 13 желтоқсанында оқушылардың интеллектуалды білімдерін шыңдауда, Отанымыздың басынан кешкен оқиғаларды, сан жылдар бойы еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен ұлы тұлғаларымыз туралы алған білімдерін анықтап, елін сүюге, халқына қызмет етуге тәрбиелеу, ұлттық сана, рухтық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында ПВ-911,УА-911 топтарында топ тәлімгері Балуанова Ж.К. «Қазақстан – менің Отаным» атты интеллектуалды ойын өткізді.
2017 жылдың 12 желтоқсан күні «Бизнес клуб» үйірме жұмысының аясында колледж оқушылары мен арнайы экономикалық пәндер оқытушылары Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қорының АҚ филиалы ұйымдастырған Ашық есік күніне экскурсия жасалды. Ашық есік күні «Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік» тақырыбында өткізілді.
2017 жылдың 11-15 желтоқсан аралығында экономикалық және гуманитарлық пәндер бөлімінде тарих пәні апталығы өткізілді.
Тарих пәнінің оқытушысы Сагатова Г.А. «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік» атты ашық тәрбие сабағын өткізді.
12 желтоқсан күні СТР-11 тобында «Тәуелсіздік туы желбіресін» атты ашық тәрбие сағаты болып өтті.
13 желтоқсан күні колледж түлектерімен кездесу ұйымдастырылып, «Рухани жаңғырудың-жарқын жолы» тақырыбында семинар- тренинг өткізілді.
Тарих пәнінің оқытушысы Канаткалиева Л.А. «Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты және халықаралық жағдайлар» атты ашық сабақ өткізді.
2017 жылдың 14 желтоқсанында экономикалық және гуманитарлық пәндер бөлімінің УА-922 тобының топ тәлімгері А.М.Бекмагамбетова кітапханашы А.Ж.Жумагуловамен бірлесіп колледжі кітапханасында ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай «Тәуелсіздік ел тірегі – білімді ұрпақ» тақырыбындаоқушыларға көрме ұйымдастырды.
Көрме, оқушыларға өткен тарихымызға деген ұлттық қалыптастыру және Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу және патриотизм сезімін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Көрме бірнеше бағыттарда өткізілді:
2017 жылдың 8 желтоқсанында Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Оқушы бойында саналы тәртіп, сапалы білім алуға дұрыс көзқарас қалыптастыру, қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындырып, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу мақсатында ПВ-921 тобының тәлімгері Рахимгалиева Д.К. «Көк тудың желбірегені» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау мақсатында ПВ,УА-911 топтарының оқушылары «Туған жерге тағызым» тақырыбында Облыстық Өлкетану мұражайына саяхат жасады.
14 желтоқсан күні ЭЛС-911 тобымен топ жетекшісі С.К.Тасбулатова «Тәуелсіздігім тұғырым» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.