free templates joomla

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ

WEB-САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ:

«Еңбек нарығы қажеттіліктерінің қарқынды дамуы жағдайында сұранысқа ие, білікті мамандардың кәсіби және тұлғалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында сапалы білім беру қызметін ұсыну».

  

director2

Алимбеков Серик Ахметович

 Директор

Ветеринария ғылымдарының кандидаты 

     Батыс Қазақстан инженерлік – технологиялық колледжі 2000 жылы құрылды.

Колледждің алға қойған мақсаты – еңбек нарығы мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті, кәсіби білімді мамандар даярлау болып табылады. Қазіргі таңда колледжде техникалық, мұнай-газ ісі, экология, ауыл шаруашылығы және экономика салалары негізінде 25 мамандық бойынша мамандар даярланады. Сондай-ақ колледжде күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша негізгі жалпы білім және жалпы орта білім негізінде студенттер білім алуда. Сонымен қатар колледжімізде жоғары білікті, студенттерге сапалы білім беруді және олардың шығармашылық қабілетін дамытуды мақсат еткен оқытушылар қызмет атқарады.

          Жаңалықтар                                                                  

   

БҚИТК  ұжымы 1-ші мамыр күні Қазақстан Халқының Бірлік күніне орай Абай даңғылына шеруге шықты.

1 2 3

9 мамыр Ұлы жеңістің 73 жылдығына орай колледжі оқушылары топ тәлімгерімен бірге ҰОС ардагерімен кездесті.

4 6 5

Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы жеңіс күні және Қазақстан Қарулы Күштерінің 26 жыл толу мерекесіне орай «Мұнай- газ және стандарттау» бөлімінің ЭНГМ-921, СМС-922 топтарында «Еңсесі биік-ұлы Жеңіс», «Этот день мы приближали как могли» тақырыптарында ашық тәрбие сағатын өткізді.

7 9 8

«Экономикалық және гуманитарлық пәндер» бөлімінің оқушылары қалалық мұражайларға саяхат жасады.

10 12 11

13 14 15

16 18 17

5 мамыр күні колледжішілік топтар  арасында қабырға газеті байқауы өткізілді, қорытындысы бойынша ЭНГМ -912 тобы бірінші, ПВ-911, УА -911 тобы екінші, ЭЛС-921тобы үшінші орындарды иеленді.

20 19 21

Отан қорғаушылар күніне байланысты ұйымдастырылған «Ер борышы – ел қорғау» атты байқауына колледжі оқушылары белсене қатысты.

22 23 24

9 мамыр күні УА-922 және ТПМ-911   топтары топ тәлімгерлерімен бірге М.Мәметова ескеркішіне гүл шоғын қойды.

25 26

Ұлы Отан соғысы жеңісінің 73 жылдығына мерекесіне орай «Экономика және гуманитарлык пәндер» бөлімінде  оқушыларды Отан сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, Отанды қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында  ПВ-911, УА -911 топтарында «Бақыт гүлін терген күн!», «Никто не забыт, ни что не забыто» УА -922  тәрбие сағаттары өтті.

27 28

Жеңіс мерекесіне араналған салауатты өмір салты насихаттау бойынша колледжде дене тәрбиесі пәнінің оқытушыларының ұымдастыруымен студенттер арасында спорттың  волейбол  түрлерінен сайыстар өткізілді.

28 30

Елбасының «Үш тұғырлы тіл» саясаты жастардың жарқын болашағы және «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласын насихаттау мақсатында шетел тілі пәнінің оқытушылары Б.К. Омарова мен А.М. Бекмагамбетова «Global» атты тілдер орталығында қызмет жасайтын шетелдіктермен кездесу ұйымдастырды.

31 32

34 33

БҚО Төтенше жағдай департаментының  өрт сөндіру мекемесіне қарасты мұражайға АӘД оқытушысы А.К. Ахметсафин колледжі оқушыларын саяхатқа апарды.

35 36 37

Bastanko working орталығында, БҚО Жастармен жұмыс  жөніндегі  ресурстық  орталығының қолдауымен «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті  университетінің доценті, психолог PHD  докторы Төлегенова Алия Аманғалиқызымен кездесу өтті.

38 39

17 мамыр күні  Ж. Молдағалиев атындағы облыстық кітапханада өткізілген «Кәсіпкерлік және бизнес» атты пікір алмасуға ПВ-921 тобының оқушылары қатысты.

40 41

желтоқсан, 2016

       2016 жылдын 2 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне  орай «Спорт – денсаулық кепілі» атты колледж ішілік бөлімдер арасында спорттық сайыс өткізілді. Мақсаты: Спортты дамыту және насихаттау, салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. 

1.2017   2.2017
3.2017

    Колледж ішілік бөлімдер арасында ұйымдастырылған спорттық шарадан «Экология және биотехнология»  бөлімі бас жүлдені иеленді.«Мұнай-газ және стандарттау» бөлімі жүлделі 2 орынды  иеленді, ал 3 орын техникалық бөлім оқушылары женып алды.

4.2017   5.2017
   7.2017

         06.12.16 ж. Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығына орай 25 өндіріс орындары іске қосылды. Солардың бірі болып ЖШС «Аквамәдениеттің өнеркәсіптік-тәжірибелік өндірісінің  оқу-ғылыми кешенін»  БҚО әкімімен бірге тікелей эфирде телекөпір арқылы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ашып берді. Бұл шараға колледжімізден 1505000 - «Балық шаруашылығы» мамандығының 2-3 курс (РХ-21, РХ-31) оқушылары қатысты.

8.2017

        14.12.16ж.  «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке 25 жыл» және «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»атты  ВТ-21, ВТ-921 топтарында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.Бұл ашық тәрбие сағатына оқытушылар мен оқушылар белсене ат салысты.
      Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.

9.2017   10.2017
11.2017   12.2017
13.2017

14.2017   15.2017

      08.12.16ж.  медициналық колледжде өткен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл: жасампаздығы мен жарқын болашағы» атты облыстық студенттік ғылыми-практикалық конференциясына Г.К. Кудабаеваның жетекшілігімен ПОВТ-11 топ оқушысы Тұрдалы Б., Б.Т.Таутешованың  жетекшілігімен ПОВТ-11 топ оқушысы Тынышбек М., М.М.Укасованың жетекшілігімен ЭЛС-931 топ оқушысы Орынбасар Д. қатысып, сертификат алды.

16.2017   17.2017
18.2017

        10.12.16ж. Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай «Бозбала мен бойжеткен - 2016» облыстық сайысында ТМС-911 топ оқушысы Болатова А. мен ЭЛС-11 топ оқушысы Шәйділдаев Ж. қатысып жүлделі 1 орынды иеленді.
      07.12.16ж. ЭЛС-911 және ТМС-911 топ оқушылары және топ тәлімгерлері Аракпаева А.Р., Туребекова Д.К. бірге «Тәуелсіздік ел тұғыры» атты ашық тәрбие сағатын өткізді, ондағы басты мақсат оқушылардың патриоттық сезімін ояту, ел бірлігі, ел тарихы туралы мағлұмат беру.

19.2017   20.2017

     2016 жылдың 6 желтоқсанында ПВ-921 тобының тәлімгері Хабибуллина Д.Т. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай «Желтоқсан желі ызғарлы» атты тәрбие сағатын өткізді. 

21.2017   22.2017   23.2017

          2016 жылдың 10 желтоқсанында арнайы пәндер оқытушылары Хабибуллина Д.Т. мен Хасанова М.Д. ПВ-931, ПВ-921 оқушыларына құқық қорғау өкілдерімен кездесу ұйымдастырды. 

24.2017   25.2017
26.2017

        2016 жылдың 13 желтоқсанында ПВ-921 тобы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шараға көрермен ретінде қатысты. 

27.2017   28.2017
29.2017   30.2017

           ПВ-911 тобының тәлімгері Рахимгалиева Д.К. «Тәуелсіздік – шежіресі желтоқсан» атты  ашық тәрбие сағатын өткізді.

31.2017   32.2017

        2016-2017 оқу  жылдың 12.12 -16.12 аралығында гуманитарлық циклдік комиссиясының тарих пәні апталығында өткізілген ашық іс-шаралар:
- Тарих пәнінің оқытушысы  С.А.Жумашева «Тәуелсіздік тұғыры биікте!» ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған тәрбие сағатын өткізді. 

 33.2017

-  Тарих пәнінің оқытушысы Л.А.Канаткалиева «Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы» атты тәрбие сағатын өткізді.

34.2017   35.2017

- Тарих пәнінің оқытушысы Ш.У.Махметова «Независимость: чаяние предков – реальность потомков» атты тәрбие сағатын өткізді.

 36.2017   37.2017
38.2017

- Тарих пәнінің оқытушысы Г.А.Сагатова «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық жағдайы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

39.2017   40.2017
41.2017   42.2017

- Оқытушылар Л.А.Канаткалиева мен Г.А.Сагатова «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» ҚР Тәуелсіздігің 25 жылдығына арналған тәрбие сағатын өткізді.

43.2017   44.2017
   46.2017

гис-технологии
ткани для вышивания