Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі
0

 

 

Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттері

 

Мақсаты:

 

Жалпы адамзаттық және  ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты,  келісімді, азаматтық ұстанымы бар, өнегелі,  жоғары білікті және жан-жақты дамыған  мамандарды   дайындау; 

 

Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру керек:

 

- Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты  және өз елінің патриотын   тәрбиелеуге, тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға, балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуін қолдау, олардың арасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету;

- өз елінің, колледждің,  айналасындағы адамдарға  қамқаор болуға әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру істеріне  ықпал ету;

- қарым- қатынас мәдениеті, жалпы адамгершілік мораль нормаларын қабылдау арқылы адамгершілікке тәрбиелеу;

- студенттерді  жалпы адамзаттық  және ұлттық  құндылықтарға баулу,  өз  халқының, елінің  мәдениетін құрметтеу жолдарына баулу;

- тұлғаның  еңбекке дұрыс көзқарасын қалыптастыру,   творчестволық еңбекке қажеттілігін дамыту;

- заңның, айналадағы адамдардың  құқықтарына сүйене отырып, ұжымдағы өмірдің нормаларын сақтауға   ықпал ету;

- Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату;

 

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру технологиясы

 

Тәрбие жұмысының барысында  оқытушылар мен студенттердің  бірлескен  жұмыстарының  төмендегідей әдістері мен түрлері   пайдаланылады:

- студенттердің  кәсіби ой-өрісін,  мамандықтарына деген қызығушылықтарын  қалыптастыру әдістері (тәрбие сағаттары, кәсіпорындарға саяхат,  мамандармен әңгімелер, дөңгелек үстелдер, кәсіби мерекелер және т.б.);

 - патриоттық тәрбиелеу,  азаматтық ұстанымдарын  қалыптастыру әдістері (оқу сабақтары,  тәрбие сағаттары, мерекелер, кездесулар, саяхаттар және т.б.);

- адамгершілікке тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру  әдістері(оқу сабақтары,  тәрбие сағаттары, мерекелер, пікір-таластар, диспуттар,  кездесулер, саяхаттар және т.б.);

- өз беттерімен жұмыс жасау қабілеттерін дамытатын  түрлі ұжымдық шығармашылық әдістер (жалпы колледж ішіндегі мерекелер,  пән апталықтар, үйірме жұмыстары және т.б.);

- оқытушылар мен студенттердің  бірлескен жұмыс әдістері (оқу сабақтары,  шығармашылық жұмыстар көрмесі, конференциялар, тұсаукесерлер, акциялар және т.б.);

- тәрбие үрдісіндегі  оқытушылардың, студенттердің  және  ата-аналардың   бірлескен жұмыс әдістері (ата-аналар жиналыстары, жеке кеңестер, мерекелер,  соңғы қоңырау, ашық есік күндері және т.б.).

 

Студенттердің колледждің  тәрбие  үрдісінде  алған кәсіптік-жеке сипаттары

 

Колледждің  барлық оқу-тәрбие  үрдісінің нәтижесі  -  жоғары кәсіби, жоғары

мәдениетті, әлеуметтік белсенді тұлғаны тәрбиелеу;

Бұл жалпы сипаттама  колледж бітірушілердің келесі қасиеттерінен білінеді:

-  жоғары азаматтық, адамгершілік көзқарасынан;

-  өз мамандығының мақыздылығын жақсы түсінуінен;

-  Өзінің рухани  құндылықтарын   үнемі байыту жұмыстарын жасауынан;

-  еңбек жолы – адам өмірінің ажырамас бөлшегі  екендігін жақсы түсінуінен;

-  өз денсаулығын  сақтау, нығайту жұмыстарымен үнемі шұғылданып отыруынан; 

 

Колледжде білім алушылардың нормативтік-құқықтық  базасын ұйымдастыру

 

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің нормативтік негізін Қазақстан Республикасының келесі стратегиялық құжаттары құрайды:

-   ҚР-ның Конституциясы (1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған. 2011. 02. 02. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);

–  «Білім туралы» ҚР-ның 2007 ж. 27 шілдедегі № 319-III Заңы (2015.13.01. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);

– «ҚР-дағы бала құқықтары туралы» ҚР-ның 2002 ж. 8 тамыздағы № 345-II Заңы (2014.29.12. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);

-  «ҚР-ның Рәміздері туралы» Заңы 2018.290.06. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен)  Тілдерді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға бағдарламасы;

-  ТжАОБб оқу орындарында жастарға патриоттық тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастыру  туралы ақпарат;

– «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР-ның 2011 ж. 11 қазандағы № 483-ІV Заңы (2016.22.12. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);

- Кәмелетке толмаған жастар арасында қылмыс пен тәртіп бұзушылықтың алдын алу туралы түсіндіру жұмыстары мен құқықтық мәдениет, деңгейін көтеру, құқықтық білім мен тәрбие беру;

– «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191 Қаулысымен мақұлданған; 

– 2006 -02014ж.ҚР-ның есірткіге және  есірткі бизнесімен  күресу Бағдарламасының  орындалысы туралы ақпарат;

– Мүгедектерді оңалту бағдарламасының орындалысы туралы ақпарат;

– АИТВ-ның алдын алуға арналған жұмыстар туралы ақпарат;

– Білім алушыларды  оқу орындарында әлеуметтік жағынан қорғау  (шәкіртақы, жеңілдіктер, жетім балалар туралы анықтамалар,мүгедектер т.б.)туралы ақпараттар;

-ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын  түсіндіретін ақпараттық – үгіт насихат жұмыстары туралы ақпараттар;

- ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» (Астана 12.12.2012 ж);

– Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың      

Қазақстан халқына Жолдауы «Бір мақсат бір мүдде, бір болашақ». (17.01.2014. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);

– ҚР-сының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  Қазақстан халқына Жолдауы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» (11.11. 2014 ж)

– Қазақстандағы ұлтаралық бірлік доктринасының Жоспарын іске асырудағы жұмыстардың орындалысы туралы ақпарат;

– «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР-ның 2011 ж. 26 желтоқсандағы №518-ІҮ Кодексі (.21.01. 2019 ж. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);

– ҚР-нда білім беруді дамытудың  2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

–  Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы. (Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 жарлығымен бекітілген); 

– Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы. ҚР  Президентінің  2014 ж. 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген (04.08.2018 ж.берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);

− «Барлық білім беру ұйымдарында оқытудың тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысы;

- ҚР-ның үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 521 Бұйрығымен бекітілген; 

 

Тәрбие жұмысының басым бағыттары

 

 

  1. Қазақстандық патриотизм  және азаматтық тәрбие, құқықтық
  2. Рухани-адамгершілік тәрбие.
  3. Ұлттық тәрбие.
  4. Отбасы тәрбиесі.
  5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.
  6. Зияткерлік тәрбие,  ақпараттық мәдениет тәрбиесі.
  7. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие.
  8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.

 

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

Мақсаты: Отанға ұтымды және эмоционалды ққарым-қатынасы, мемлекет пен қоғамның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңсыздыққа қарсы тұратын, балалар мен жастар ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға дайын заңдарын меңгеру және сақтау қажеттілігі бар патриот пен азаматты қалыптастыру.

  1. Рухани-адамгершілік тәрбие

Мақсаты: тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпы адамзаттық құндылықтарымен, нормалары мен дәстүрлерімен келісетін рухани-адамгершілік және этикалық қағидаларын, оның моральдық қасиеттері мен ұстанымдарын қайта жаңғырту туралы "Рухани жаңғыру" құндылықтары негіздерінің, оның ішінде "Құндылықтарға негізделген білім беру", "Қоғамға қызмет" жобаларын іске асыру арқылы терең түсінігін қалыптастыру

  1. Ұлттық тәрбие

Мақсаты: жеке тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға, ана тілі және мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, Қазақстан Республикасының этностары мен этностық топтарына құрмет көрсетуге бағыттау

  1. Отбасы тәрбиесі

Мақсаты: ата-аналарға білім беру, олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін және балаларды тәрбиелеу жауапкершілігін арттыру.

  1. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы көзқарасты қалыптастыру, экономикалық ойлауды және тұлғаның экологиялық мәдениетін дамыту

  1. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Мақсаты: әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық, оның ішінде балалардың кибермәдениеті мен кибергигиенасы бойынша мәдениетті дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру.

  1. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Мақсаты: Жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның өнер мен шынайылыққа эстетикалық объектілерді қабылдауға, меңгеруге, бағалауға дайындығын дамыту, оның ішінде "Ұшқыр ой алаңы" мектеп оқушыларының дебаттық қозғалысы" жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру арқылы білім беру ұйымдарында полимәдени орта құру.

  1. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Мақсаты: Салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, дене және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтауды білу үшін кеңістік құру.

       

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.

В этой форме вы можете задать ваш вопрос:
Защитный код
Обновить картинку