Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі
0

 

 

Қазан

Оқытушы Сарсенгалиева  Гульсым Мухамбеткалиевна "Заманауи педагог" мұғалімдерге арналған халықаралық сайтта "Қаржылық есеп" пәні бойынша «Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы және өндіріс шығындарын есепке алу әдістері» тақырыбында материал жариялады және "Кәсіби жетістік-2019" педагогтарға арналған республикалық қашықтықтан өткізілген фестиваль аясында өзінің педагогикалық тәжірибесін таратқаны үшін дипломмен марапатталды.

 

 


Оқытушы Султангазиева Айгерим Муратовна "Заманауи педагог" мұғалімдерге арналған халықаралық сайтта Визуалды бағдарламалау негіздері. Delphi зерттеуінің интеграцияланған ортасы тақырыбында сабақ конспектісін жариялады және "Кәсіби жетістік-2019" педагогтарға арналған республикалық қашықтықтан өткізілген фестиваль аясында өзінің педагогикалық тәжірибесін таратқаны үшін дипломмен марапатталды.

 

 


Арнайы пән оқытушылары Байгелова Алтынай Шарипуллиевна мен Такесова Айымторы Калиматовна «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акцонерлік қоғамынан 2019 жылдың 16.09-27.09 аралығында 72 сағат көлемінде  «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында модульдік құзыреттілік тәсілді іске асыру барысында оқу процесін жобалау және ұйымдастыру» тақырыбында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында инженерлік педагогикалық қызметкерлерін және басшыларын халықаралық талаптарға сәйкес біліктілігін арттыру курсынан өтті. 

 

 


30 қыркүйек математика пәнінің оқытушысы А.К.Булатова ''ZIAT'' ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қашықтықтан өткен "Педагогикалық идеялар панорамасы " атты IV Республикалық педагогтар сайысына қатысып, 1 орынға ие болды.

 


19 қазан күні «Бастапқы педагог мектебі» жоспары негізінде «Инновациялық педагогикалық технологиялар" атты семинар оздырылды. Психолог Б.К.Омарова жас оқытушылар тренинг өткізді. Тәжірибелі оқытушылар Ж.И.Кульбабаева, Б.Б.Айтжанова, А.С.Жуматаева, А.К.Такесова, А.Ш.Байгелова өздерінің  шебер-сыныптарын көрсетті. 

.


18 қазан күні  ПОВТ-911 топ студенті  Куанова Назерке «Мурагер»  интеллектуальды білім порталының ұйымдастыруымен Республикалық қашықтық сайысқа қатысып, 2 орынға ие болды , жетекшісі  – оқытушы  Г.А.Аймурзина.