Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі
0

 

 

Қараша

«Табыс кезеңдері» республикалық қашықтық сайысында көрсеткен шығармашылығы мен біліктілігі үшін Идеятуллин Райымбек І дәрежелі дипломмен және Курманова Дания І дәрежелі дипломмен марапатталды (жетекшісі Такесова А.К., 28.11.2019).

 

 


Арнайы пәндер оқытушылары Такесова А.К., Мурсалимова Ж.С. және Елемесова А.Е. «Мектеп ұстаздарының әлемі» республикалық педагогикалық басылымының сайтында мақалаларын жариялалап,  сертификатттар және Құрмет грамоталарына  ие болды (26.11.2019).

 

 


«Табыс кезеңдері» республикалық қашықтық сайысында көрсеткен шығармашылығы мен біліктілігі үшін Самигуллиев Жасулан І дәрежелі дипломмен марапатталды (жетекшісі Мурсалимова Ж.С., 15.11.2019).

 


Технологиялық  бөлімінің оқытушылары Г.Х.Джубанышева, Т.А Сарсекенова, М.Б Губайдуллина мен колледждің белсенді студенттері қаламыздың арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Қариялы ел – қазына» атты мерекелік  іс-шарасын өткізіліп, бұл  туралы «Жайық ұстазы» газетіне мақаласы басылып шықты (№ 22, 27.11.2019ж)

 


Арнай пән оқытушысы Тнымбаева А.Т. «Заманауи инновациялық сабақ: Оқу үрдісін тиімді ұйымдастырылуы»: қашықтықтан өткізілген VII Республикалық педагогикалық конференциясына «Дефекты сварных соединений и причины их образования. Визуально-измерительный контроль качества сварных соединений» тақырыбымен қатысып, сертификатқа ие болды.

 


11.11-15.11 аралығында технологиялық бөлімінде жоспарға сәйкес ауылшаруашылығы пәндерінің апталығы ұйымдастырылып  өтті. Арнайы пәндер оқытушылары ашық сабақтар мен әр түрлі сыныптан тыс шаралар өткізді.


Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен этнос жастары арасында «Тіл – достықтың айнасы» атты Абай өлеңдерін жатқа оқу эстафетасы өткен болатын. Колледж атынан ЭЛС-912 топ оқушысы Пупыкина Виктория қатысып, жүлделі I орынға ие болды.

 


Қыркүйек-қазан айларында «Мұрагер» интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған Республикалық қашықтықтан өткізілген «Армансыз адам ормансыз бұлбұл» байқауына ПОВТ-911 топ оқушысы Қуанова Назерке (Жетекшісі – Аймурзина Г.А.) қатысып, жүлделі II орын алды.

 


12-ші қарашада «ККО» Республикалық «Білім беру жүйесін дамыту: тәжірибелері, мәселелері, шешу жолдары» ғылыми-практикалық конференциясына физика пәнінің оқытушысы Аитжанова Б.Б.. қатысып,  I дәрежелі диплом алды.

 


05.11-25.11 қараша күндері аралығында «Өнеге» интеллектуалды білім порталының Республикалық қашықтықтан өткізілген «Мен туған ауыл...» байқауына ВТ-911 тобының оқушысы Ишангалиева Айкөркем (жетекшісі – Аитжанова Б.Б.) қатысып, жүлделі II орынға ие болды. «Жас толқын» байқауына ВТ-911 тобының оқушысы Орынбасарова Аида (жетекшісі – Аитжанова Б.Б.) қатысып, жүлделі II орынға ие болды.

 

 


07.11-14.11 аралығында республикалық ғылыми-практикалық конференцияға 7 «Оқытудың тиімді формалары мен әдістерін іздеу» секциясы бойынша математика пәнінің оқытушысы Булатова А.К. «Жаңартылған білім мазмұны» тақырыбында баяндама дайындап, I дәрежелі дипломмен марапатталды.

 


«Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Математика» пәні бойынша ВТ-911 топ оқушылары Аманғали Ерасыл, Саухан Нұртас(жетекшісі – Булатоа А.К.) I дәрежелі дипломмен, «Ағылшын тілі» пәнінен ВТ-921 топ оқушысы Ахмедиярова Зарина(жетекшісі – Жуматаева А.С.)  II дәрежелі дипломмен марапатталып, «Информатика» пәні бойынша ЭЛС-911топ оқушысы Шукиров Сұлтан (жетекшісі – Тайгаренова Н.С.) қатысты.

.


14 қараша күні Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен "Жастар жылы" аясында қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған «Жауһар жырды жүрегінде тербеген» атты қалалық Фариза оқулары өтті. Аталмыш шараға Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінің студенттері ПОВТ-911 топ студенті Қадырғалиев Асылан Қадырғалиұлы "Көркем сөз" жанры бойынша және Сәлімгереев Нұрқат "Вокал" бөлімі бойынша қатысып, жүлделі 3 орынға ие болды. Жетекшісі: Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Азгалиева А.Қ

 

 


16 қараша күні БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен "Орал студенттер Альянсы" КҚ АОО студенттері арасында "Абай әлемі" атты зияткерлік ойынын ұйымдастырды. Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінің студенттерінен құрылған топ, ОПУД-921 топ оқушысы Самигуллиев Жасулан және ПОВТ-911 топ оқушысы Қадырғалиев Аслан 2 орын женіп алды. 

 


22 қарашада «Ustaz tilegi» Республикалық ұстаздар сайтына информатика пәнінің оқытушысы Тайгаренова Н.С. «Информатика сабағында модульдік оқыту әдісін қолдану» таырыбында баяндама жариялады.

 


21 қарашада «ККО» Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының «Оқу үрдісінде инновациялық технологияларды қолданудың негізгі аспектілері» секциясы бойынша информатика пәнінің оқытушысы Тайгаренова Н.С. «Жаңа инновациялық технологияларды информатика сабағында қолдану» тақырыбы бойынша I дәрежелі дипломға ие болды.

 

 


 23 қарашада «ККО» Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының «оқытудың тиімді формалары мен әдістерін іздеу: қазіргі жағдайы, мәселелері, болашағы» секциясы бойынша қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Халелова А.Б. «Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытудың әдіс-тәсілдері» тақырыбы бойынша I дәрежелі дипломға ие болды.

 

 


15.11-22.11 аралығында «Achievement of high school» атты халықаралық ғылыми конференцияға «Филология ғылымдары» секциясы бойынша шет тілі пәнінің оқытушысы А.С.Жуматаева «Правильное английское произношение в казахской аудитории» тақырыбында баяндама жолдады.

 

 


2 желтоқсанда «Ustaz tilegi» Республикалық ұстаздар сайтына қазақ тілі және әдебиеті  пәнінің оқытушысы Халелова А.Б. «Желтоқсан» Республикалық блиц-турниріне қатысып, I дәрежелі дипломмен марапатталды.

 


Тарих пәнінің оқытушысы Сагатова Г.А.  «Жайық үні» Орал қалалық апталық қоғамдық–саяси газетіне «Өркениетпен тең болам десең, өткеніңе үңіл» тақырыбында мақала жариялады. (№47,26.11.2019).