Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі
0

 

 

Экономика және сервис бөлімі

  

  1. «Экономика және сервис» бөлім меңгерушісі: Таутешова Бибинур Талгаткызы
  2. Туған күні: 008.1989  
  3. Білімі: жоғары
  4.  

    Білім ұйымының толық атауы, факультеті, (бөлімі)

    Түскен жылы

    Бітірген жылы

    Мамандығы, біліктілігі

    Диплом немесе куәлік нөмірі

    1.

    Жәңгір хан атындағы аграрлық-техникалық университеті

    2007ж

    2011ж

    «Ақпараттық жүйелер»

     

    Мақсаттары: Бөлім мамандықтары бойынша қазіргі қоғамда бәсекеге қабілетті, жоғары компетентті, білікті мамандар даярлау.

     

    Міндеттері: Мамандар даярлау барысында оқу, ғылыми, тәрбие, өндірістік жұмыстарды ҚР «Білім туралы» Заңы мен «Білім беру» мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа ала отырып,  МЖМББ стандарттары мен мамандықтар бойынша бекітілген үлгілік жұмыс бағдарламаларына сәйкес дайындалған оқу құжаттары бойынша жүргізу.

     

    Колледж «Инновациялық технологиялар арқылы білікті маман даярлау-бәсекеге қабілетті қоғам негізі» әдістемелік тақырыбын негізге алып жұмыс жасаса, бөліміміз «Оқытудың инновациялық әдістері арқылы оқушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» әдістемелік тақырыбы бойынша жұмыстанды.

     

    Оқу жылы бойынша құжаттар  істер номенклатурасына, оқу-әдістемелік құжаттар мамандықтар бойынша ҚРЖМБС-на сәйкес жасалынды. Бөлімдегі оқу-әдістемелік жұмыстар ҚР Техникалық  және кәсіптік білім беру мекемелерінің қызметін реттеуші нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес ұйымдастырылды.

     

    Экономика және сервис бөлімде белсенді ғылыми-әдістемелік жұмысты жүргізетін, мамандарды дайындауға кәсіби қызығушылық танытатын, өз біліктілігін арттыруға ұмтылатын педагогикалық кадрлар жұмыс істейді. Бөлім құрамында 20 оқытушы жұмыс істейді, олардың біліктілігі мамандық бейініне және оқытылатын пәндерге сәйкес келеді. Оқытушылар біліктілік санаттары мен оқушылармен жұмыс тәжірибесі бар, жоғары санатты 6 оқытушы, бірінші санатты 4 оқытушы, екінші санатты 1 оқытушы, магистр академиялық дәрежесі бар 5 оқытушы және санатсыз 5 оқытушы бар, бөлімшенің санаттылығы: 75% құрайды.

     

    2020-2021 оқу жылы бойынша  экономика және сервис бөлімінде  күндізгі негізде 363 оқушы оқиды.

     

    Студенттердің біліктілігі жоғары, білімі терең маман етіп шығаруда маңызды саналатын білім ордасының материалдық-техникалық базасы да заман талабына сай жабдықталған.

     

    Экономика және сервис бөлімінде келесідей мамандықтар дайындайды:

    1. 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)»
    2. 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)»
    3. 1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»
    4. 1202000 «Тасымалды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару (салалар бойынша)
    5. 1518000 «Есеп және аудит (салалар бойынша)»
    6. 0200000 «Құқықтану»