free templates joomla

Оқу-өндірістік жұмысты ұйымдастыру

        Батыс-Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі ұзақ уақыттан бері «КПО б.в.», «Урал ТехСервис» ЖШС, «Зап.Каз. РЭК» АҚ, «Ізденіс» ЖШС, «Пассажир-Авто» ЖШС, «Оралагрореммаш» АҚ, «Западно-Казахстанская Корпорация Строительных Материалов» АҚ, «Орал қаласының Ветеринария бөлімі» МБ, «Ғылыми-зерттеу ветеринарлық станция», «Ақтілек» ЖШС, «Валентина» қожалық шаруашылығы, «Торговая промышленная палата» ЖШС, «Белес-Агро» ЖШС және тағыда басқа жұмыс берушілермен тығыз қарым қатынаста.

   Колледж әкімшілігі практика базаларын кеңейту, әлеуметтік серіктестік жүйесін қалыптастыру бойынша жүйелі түрде жұмыстарды өткізеді. Бүгінгі таңда, 60 астам практикадан өтуге өндірістермен келісімшартар бар, одан басқа 8 келісімшарт дуалды оқыту бойынша, 3 келісімшарт өндірісте мамандықтардың филиалдарын ашуға жасалған. Әр мамандық 3-8 практикадан өту базасымен қамтылған. 2013-2014 оқу жылында - 48, 2014-2015 оқу жылында – 54, 2015- 2016 оқу жылында - 63 кәсіпорындарымен практикадан өтуге келісім шарттар жасалды.

  

1

 

Гистограмма 1. Әлеуметтік серіктестермен жұмыс мониторингісі

Жоғарыда көрсетілген кәсіпорындармен әлеуметтік серіктес келесі бағыттарда жүзеге асырылады:

- өндірістегі мамндарды оқу процесіне қатыстыру және өндірісте дуалды оқыту жүйесін енгізу;

- өндірісте мамандықтардың филиалдарын ашу; - өндірісте кәсіптік практиканы ұйымдастыру;

- педагогикалық қызметкерлердің кәсіпорындарда кәсіби дайындық сапасын көтеру; - оқу жоспарлары мен бағдарламардың мазмұнын әзірлеу және келісу;

- түлектерді жұмысқа орналастыру.

        2012-2013, 2013-2014, 2014-2015 оқу жылдарында Білім басқармасының әдістемелік кабинеті ұйымдастырған «Әлеуметтік серіктестіктермен жұмысты жүйелі ұйымдастырған колледж» Облыстық байқауларда колледж екі рет 2 орынға, бір рет 3 орынға ие болды.

         Колледжде оқушыларды кәсіптік дайындау: өндірістік оқыту және кәсіптік практикадан тұрады.

        Өндірістік оқыту колледждін оқу шеберханаларымен зертханаларында, ветеринария, биотехнология және ихтиология ғылыми зерттеу комплексінде және «Ғылыми-зерттеу ветеринарлық станциясы» ЖШС «УралТехСервис» ЖШС, «Уральскнефтегазгеология» АҚ шеберханаларында ұйымдастырылады.

     Өндірісте, мекемелерде өтетін барлық кәсіби практика түрлері екі жақты келісім-шарттар жасалу негізінде жүзеге асырылады. Практикадан өту кезінде оқушы өзінің жеке жұмыс орнына бекітіліп, өндірістегі тәлімгері тағайындалады.

     Өндіріс практика оқушының теориялық оқыту кезіндегі алған білімін, практикалық дағдыларды бекітуге және өндірістегі озық технологияларды игеруге бағытталған.

        Колледжде әлеуметтік серіктестермен жұмыс жағдайының бір жолға түсіп, қарқынды дамуына байланысты 2012 жылдан бастап екі мамандық бойынша, яғни 1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», 1513000 «Мал дәрігерлігі», ал 2014 жылдан бастап 1202000 «Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару» мамандығы дуалды оқыту жүйесінің (ДОЖ) моделімен оқытылуда.

        Дуалды оқыту жүйесінің элементтерін жүзеге асыру үшін БҚО Кәсіпкер палатасымен келісе, «Урал ТехСервис» ЖШС, «Ізденіс» ЖШС, «Пассажир-Авто» ЖШС, «Оралагрореммаш» ЖШС, «Ардактау» оқу орталығы, «Казахавтодор» РММ, «КазАвтожол» БҚФ, «Ғылыми-зерттеу ветеринарлық станциясы» ЖШС мекемелерімен үш жақты келісім шарт жасалды.

Күні бүгін үш мамандық бойынша 184 оқушы дуалды оқыту жүйесінің моделімен оқытылуда.

 

   Оқу жылдары

ДОЖ моделімен оқытылатын            оқушы саны

  ДОЖ моделімен оқытуға қатысатын       әлеуметтік серіктестіктер саны

1

2013-2014

23

3

2

2014-2015

35

5

 

2

 

 

Гистограмма 2. Дуалды оқыту жүйесі проектісіне қатысатын кәсіпорындар мен оқушылар саны

     Дуалдық оқытудың негізгі артықшылығы, ең алдымен оқушы өндірістегі қарым қатынасқа колледж іргесінде үйренеді, өндірістегі дайын өнімді шығаруға қатысады. Дуалды оқытудын оқу жұмыс жоспарлары ҚР МЖМББС негізінде дуалды оқыту жүйесінің талаптарына сәйкестендіріліп жасалды. Онда теориялық оқыту 30 пайызды, ал тәжірибелік оқыту 70 пайызды құрайды.

      Әлеуметтік серіктестіктердің келісуімен колледжде оқу практикалар өту кезінде, өндірістерге саяхат-сабақтар ұйымдастырылады. Атап айтсақ, 2015 жылы 1513000 «Ветеринария», 0809000 «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану», 0802000 «Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларын салу және пайдалану», 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету», 1216000 «Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама өндірісі», 1201000 «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтарының оқушыларына «Ғылыми-зерттеу ветеринарлық станция» ЖШС, «Ізденіс» ЖШС, «Уральскнефтегазгеология» АҚ, Орал қ. «Северная» 110/10 кв қосалқы станциясы, «Желаевский хлебокомбинат» АҚ, «Батыс күнбағыс» АҚ, «УралтехСервис» ЖШС, «Белес-Агро» ЖШС, «Әдиет» қожалық шаруашылығында және т.б. мекмелерде саяхат-сабақтар ұйымдастырылды. Бұл жерде «Теориядан практикаға» деген принцип жақсы жұмыс істейді. Оқушы өндірістік жағдайлармен жұмыс істейді, күрделі теориялық тапсырмалар практика арқылы жақсы игеріледі.

        Өндірісте мамандықтардың филиалдардарын ашу жұмыстары да жолға қойылуда. Дуалдық жүйенің элементтерің енгізу барысында колледждің Мұнай-газ және стандарттау және Экология және биотехнология бөлімдерінің филиалдары «Уральскнефтегазгеология» АҚ және «Қазақстан Ғылыми зерттеу ветеринарлық станциясы»-ң базаларында ашылды. Бұл өндірістік оқытуда тәжірибенің бір түрінен екіншісіне өту кезінде оқушылардың теориялық білімді бекіту, оларды нақты өндірістік міндеттерді шешу кезінде қолдану мүмкіндігін кеңейтті.

         Мұндай сабақтардың формаларын оқу процесінде пайдалану, ең соныңда теориялық дайындықтың сапасына әсерін тигізеді жәнеде жалпы замануи өндіріс талаптарына сәйкес оқушының кәсіптік дайындығының денгейін көтереді.

 

3

 

Гистограмма 3. Теориялық оқытуды практикамен ұштастыру

           Оқушылардың кәсіптік дайындығының деңгейін бағалауды өткізу үшін жұмыс беруші өкілдерінен біліктілік комиссия құралады. Түлектердің біліктілігін растауда 2011-2012 оқу жылында білім сапасы 99,4% болса, ал 2012-2013 оқу жылынан бері 100% көрсетіп келе жатыр.

Кесте1. Түлектердің кәсіптік денгейін бағалау қорытындысы

 

 

Оқу жылдары

Сертификаттауға қатысқаны, саны

Сертификатталған оқушылар, саны

Үлгерім сапасы, %

1

2011-2012

519

516

99,4

1 2

2012-2013

415

415

100

2 3

2013-2014

615

615

100

3 4

2014-2015

517

517

100

 

           Бүгінгі танда, колледжімізде әлеуметтік серіктестіктермен қарым қатынасты нығайту, дуалдық оқыту жүйенің элементтерін енгізу барысында ҚР білім және ғылым министрлігі және көптеген өндірістер мен мекемелер оқу орнының материалдық техникалық базасын жаңа заманауи техникасымен қамтылуына көніл бөледі. Осыған орай, колледжде материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында көптеген жұмыстар қолға алынуда. Кәзіргі кезде заманауи техникалық оқыту құралдармен жабдықталған 14 зертхана, соның ішінде 1 виртуалды зертхана, 1 ғылыми-зерттеу комплексі және 4 шеберхана бар. Колледждің материалдық техникалық базасы білім алушылардың теориялық алған білімдерін практикалық түрде бекітуге мүмкіншілік берді.

Кесте 2. Колледждің өндірістік оқытуда қолданылатын оқу зертханалары мен шеберханалары

Оқу зертханалары

Оқу шеберханалары

1

Ветеринария, биотехнология және ихтиология ғылыми зерттеу комплексі

Слесарлық шеберханасы

2

Микробиология және ветеринарлық-санитарлық сараптау зертханасы

Жүріс бөлігіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу шеберханасы

3

Өндірістік техникалық бақылау зертханасы

Механикалық шеберханасы

4

Химия зертханасы

Автокөлік құрылысы шеберханасы

5

Физика зертханасы

 

6

Жол қозғалысы ережелері зертханасы

 

7

Мұнай-газ мамандықтарының виртуалдық зертханасы

 

8

Жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу зертханасы

 

9

Қозғалтқыштарды сынау зертханасы

 

10

Экология зертханасы

 

11

Электртехникасымен электрмашиналарының зертханасы

 

12

Гидравликалық машиналар зертханасы

 

13

Техникалық өлшемдер зертханасы

 

14

Техникалық механика және материалдар кедергісі зертханасы

 

 

 

Кесте 3. Материалдық-техникалық базаның қамтылуы

 

Оқу жылдары

Зертханалар

Шеберханалар

Барлығы, саны

Қамтылуы, %

Барлығы, саны

Қамтылуы, %

1

2013-2014

9

84

2

57

2

2014-2015

12

91

3

91

3

2015-2016

14

96

4

97

 

    Енбек нарығына мамандарға қойылатын қазіргі заманға біліктік талаптарын сәйкестендіру, жұмыс берушілер сұраныстарына кадрларды даярлау үшін педагогикалық кадрлардың кәсіпорындар мен ұйымдарда тағылымдамадан өту мүмкіндіктері қарастырылған. Өткен 2014-2015 оқу жылында теориялық білімдерін практикамен ұштастырып 24 оқытушы «УралТехСервис» ЖШС, «БҚӘЖТК», «Желаев НӨК» АҚ, «Уральскнефтегазгеология» АҚ, «КазТрансОйл» АҚ, «Уральскагрореммаш» АҚ, «Қазақстандық метрология орталығы» ЖШС және басқада көптеген өндірістер мен мекемелерден тағылымдамадан өтті.

 

4

Гистограмма 4. Педагогикалық кадрлардың өндірістен тағылымадан өтуін талдау

      Түлектерді жұмысқа орналастыру колледждің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Әлеуметтік серіктестер және жұмыс берушілермен бірлескен жұмыс барысында түлектердің жұмысқа орналасу мәселелері қаралады. Кәсіптік бағдар беру, түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында жұмыс берушілермен дәстүрлі кездесулер ұйымдастыру, колледж әкімшілігінің БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық және қалалық, аудандық жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесе жұмыс жасап қалалық және облыстық бос орындар жәрменкелеріне түлектерді қатыстыру, жұмысқа орналасу мониторингісі үнемі жүргізіліп тұрады.

Түлектерді жұмысқа орналастыру бағытында жүргізілетін негізгі жұмыстар:

   - мамандықтар бойынша жұмысқа орналасу мониторингісін жүргізу;

 -қалалық және аудандық жұмыспен қамту орталықтарымен, Жастар ресурстық орталығымен бос орындар туралы жұмыстар жүргізу;

  -жоғары курс оқушыларын және колледж түлектерін қалалық, облыстық бос орындар жәрменкісіне қатыстыру;

  - оқушыларға колледжде кәсіби бағдар беру (жұмыс берушілермен кездесу, жұмысқа орналасу бойынша тренингтер, дөнгелек үстелдер ұйымдастыру және т.б.);

  - түлектердін электрондық базасын жүргізу.

Кесте 4. Түлектердің жұмыспен бастысы

 

Жыл

Түлек-тер саны

Жұмыс-қа орналас-ты, %

Оқуын жалғ-ды, %

ҚР ӘҚ қатырына шақы-рылды, %

ҚР кетті, %

Декреттік демалыс-та, %

Жұмыспен бастылығы, %

ЖОО

Кол-ледж

2013

850

81

4,7

0,35

2,3

1,9

-

88,3

2014

615

76

4,9

0,32

0,7

0,97

1,8

83,7

2015

517

78

4,8

0

0,77

0,96

1,1

84,6

 

5

Гистограмма 5. Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері

гис-технологии
ткани для вышивания