Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі
0

 

 

Ішкі тәртіп ережелері

                                                                   БЕКІТЕМІН

                                                                  «Жоғары инженерлік-

технологиялық колледжі»

                                                                            МЕББМ-нің құрылтайшысы

                                                                                    

                                                               ____________ А.К. Бозымова

                                                                               ____  ____________20___ж.    

 

ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

 

Орал, 2019ж.

  1. Мақсаты

       Ішкі тәртіп ережесі еңбек және оқу тәртібін нығайтуға, жұмыс және оқу уақытын тиімді пайдалануға, оқу-тәрбие үрдісінің сапасын, ғылыми – әдістемелік жұмыстардың ұйымдастырылуы мен өткізілуін жақсартуға бағытталған.

 

  1. Қолданылуы

 Бұл құжат жоғары инженерлік-техникалық колледжінің Жарғысы негізінде жасалған және колледждің барлық құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілеріне, оқытушылар мен қызметкерлерге, барлық білім алушыларға қолданылады.

 

  1. Терминдер мен қысқартулар

 Құжатта келесі терминдер пайдаланылады:

 Еңбек және оқу тәртібі – бұл ішкі тәртіп ережелерін мүлтіксіз орындау, өзінің жұмысы мен оқуына шығармашылықпен қарау, оның жоғары сапалығын қамтамасыз ету, жұмыс уақытын тиімді пайдалану.

      Еңбек тәртібі оқытушылардың, қызметкерлердің, білім алушылардың қызметтік және оқу міндеттерін саналы түрде орындалуына негізделеді.

      Еңбек және оқу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтаумен қамтамасыз етіледі.

 

  1. Жауапкершілік пен өкілеттілік
    • Қызметкерлердің міндеттері:

- өзінің жұмысын адал және шын ниетімен атқару, еңбек тәртібін сақтау, әкімшіліктің бұйрықтары мен өкімдерін дер кезінде және дұрыс орындау, жұмыс уақытын өнімді еңбекке жұмсау, басқа қызметкерлердің өз міндеттерін орындауына кедергі жасайтын әрекеттерге бармау;

- еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, еңбек гигиенасы, өртке қарсы қауіпсіздік ережелері және нұсқауларымен қарастырылған талаптарды орындау;

- бірқалыпты жұмыс жасауға кедергі келтіретін немесе қиындататын себептер мен жағдайларды тез жоюға шаралар қолдану және осылар туралы әкімшілікті ескерту;

- материалдық құндылықтар мен құжаттарды сақтаудың қабылданған тәртібін бұзбау:

- колледждің меншігін сақтау және күшейту, құралдарды тиімді пайдалану, оқу құралдарына, өлшегіш аспаптарға, жұмысшыларға пайдалануға берілген арнайы киімдерге және басқа да заттарға ұқыптылықпен қарау, шикізаттарды, материалдарды, электр қуатын, суды жылуды және басқа да материалдық қорларды үнемді және тиімділікпен шығындау;

- біліктілігін қабылданған тәртіпке сәйкес жүйелі түрде көтеріп отыру;

      Қызметкерлерге әкімшіліктің рұқсатынсыз колледждің меншігі болып саналатын заттар мен әртүрлі құрал-жабдықтарды зертханалардан, оқу және басқа да бөлмелерінен алып шығуға тиым салынады.

         Әрбір қызметкердің мамандығы, біліктілігі мен лауазымына сәйкес атқаратын міндеттерінің шеңбері жеке еңбек шартымен, тиісті лауазымдық нұсқаулары және ережелерімен анықталады.

 

  • Оқытушылар құрамы міндетті:

- өз құзіреттілігі шеңберінде сәйкесінше теориялық және практикалық білімді болуға;

- жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім беру қызметін қамтамасыз етуге;

- өзінің жұмысын адал және шын ниетімен атқару, еңбек тәртібін сақтау, әкімшіліктің бұйрықтары мен өкімдерін дер кезінде және дұрыс орындау, жұмыс уақытын өнімді еңбекке жұмсау, басқа қызметкерлердің өз міндеттерін орындауына кедергі жасайтын әрекеттерге бармау;

- еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, еңбек гигиенасы, өртке қарсы қауіпсіздік ережелері және нұсқауларымен қарастырылған талаптарды орындау;

- бірқалыпты жұмыс жасауға кедергі келтіретін немесе қиындататын себептер мен жағдайларды тез жоюға шаралар қолдану және осылар туралы әкімшілікті ескерту;

- материалдық құндылықтар мен құжаттарды сақтаудың қабылданған тәртібін бұзбау;

- колледждің меншігін сақтау және күшейту, құрал- жабдықтарды тиімді пайдалану;

- педагогикалық үрдістің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге, студенттердің жалпы адами азаматтылығын, қайырымдылығын, басқа халықтардың ұлттық қасиетін құрметтеуге тәрбиелеуге, білім алушылардың өзіндік, бастамашылық белсенділігін, шығармашылық қабілеттілігін дамытуға;

- болашақ мамандардың жеке адамгершілік қасиетін құрметтеуге, олардың мәдени және дене бітімінің дамуына қамқорлық көрсетуге;

- педагогикалық этиканы сақтауға;

- қызметкерлердің және білім алушылардың, олардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің атақ-абыройын сыйлауға;

-  жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейдегі білім құрамын қамтамсыз ететін ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жүргізуге, оған білім алушыларды тартуға;

- оқу ғимаратындағы және жатақханадағы тәртіпті сақтауға;

- өзінің біліктілігін және жалпы мәдениеттілік деңгейін ұдайы көтеруге.

    Лауазымдық міндетін және педагогикалық этика талаптарын бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамаларына және еңбек кодексіне сәйкес педагогикалық қызметкер жауапкершілікке тартылуы немесе жұмыстан шығарылуы мүмкін.

 

 

  • Колледж білім алушыларының міндеттері:

- таңдаған мамандығы бойынша теориялық және практикалық білімді терең меңгеру;

- оқу жоспарымен және оқу бағдарламасына сәйкес белгіленген барлық жұмыстар түрін мерзімінде орындау;

- жалпы мәдениетті, адамгершілік және ақыл-ойды үнемі көтеруге ұмтылуға;

- аралық және қорытынды аттестаттау тәртібі мен формаларын бұзбау, сынақтар мен емтихандарды уақытында тапсыру;

- себепсіз сабақ қалдырмау;

- жіберілген сабақтарды белгіленген тәртіппен уақытылы  қайта тапсыру;

- білім алушылардың, қызметкерлердің атақ-абыройын сыйлау, колледжде қалыптасқан дәстүрді сақтау;

- оқытушыларға және қызметкерлерге кішіпейіл болу;

- мекеменің мүліктерін сақтау;

- Жарғы, ішкі тәртіп ережелерінде, білім беру қызметін көрсету келісім-шартында  қарастырылған басқа талаптарды орындау;

- ішкі тәртіп ережелерін сақтау, қоғамдық орындар мен колледж аумағында шылым шекпеу, токсиндік заттар мен спиртті ішімдіктер пайдаланбау, әкімшіліктің бұйрықтары мен өкімдерін орындау;

- колледждің қоғамдық өміріне белсене араласу;

- білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтау.

       Сабақ жіберген жағдайда студент бір күн ішінде бұл туралы топ тәлімгерін немесе бөлім меңгерушісін  хабардар етіп, оқу орнына оралған күні сабақ жіберу себебі жайлы мәлімет беру қажет. Ауырған жағдайда - емдеу орнының анықтамасын тапсыруы тиіс.

        

  • Колледж әкімшілігінің міндеттері:

- оқытушылар құрамына және басқа колледж қызметкерлеріне жұмыс жағдайын қамтамасыз ету, олардың мамандықтары мен біліктіліктеріне сәйкес жұмыс орнын бекіту. Олардың сабақ кестесін уақытында хабарлау, жаңа оқу жылына оқу-әдістемелік, ғылыми – зерттеу және т.б. жұмыс түрлерінен жеке жоспарларын бекіту;

- басқа категориядағы қызметкерлерді берілген тапсырмамен таныстыру, оларды жұмыс уақытына жұмыспен қамтамасыз ету;

- қазіргі заманғы өндіріс талаптарын, ғылым мен мәдениеттің жаңа жетістіктерін, олардың даму болашағын, еңбектің ұйымдастырылуларын ескере отырып, мамандарды сапалы даярлауына жағдай тудыру;

- еңбек, оқу, ғылыми және өндірістік тәртіптің қатаң сақталуын қадағалау, жұмыс уақытын зая кетпеуін болдыртпау, жұмыс ресурстарын тиімді пайдалану, тұрақты еңбек ұжымын құру;

- еңбек ұжымына іскерлік, шығармашылық жағдай тудыруды қамтамасыз ету, оқытушылардың, қызметкерлердің және студенттердің колледж жұмысын жақсартуға бағытталған ұсыныстарын ескеру;

- бөлмелердің таза ұсталуын, жылу берудің, желдетудің, құрал-жабдықтардың ақаусыз жұмыс жасауын қамтамасыз ету, колледж қызметкерлері мен білім алушылардың сыртқы киімдерінің сақталуына жағдай тудыру;

- оқу, тәрбие, өндірістік және ғылыми-әдістемелік үрдістерді қаржылай немесе материалдармен жабдықтау;

- еңбекті қорғау ережесі мен заңдарын сақтау, білім алушылардың оқу жағдайын жақсарту, барлық жұмыс орындарын техникалық құрал-жабдықтармен жабдықтау және еңбекті қорғау ережесіне сәйкес жұмыс істеу жағдайын жасау (қауіпсіздік ережелеріне және санитарлық нормаларға, т.б.)

- қызметкерлер мен білім алушылардың қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және еңбек гигиенасы, өртке қарсы қауіпсіздік нұсқауларының барлық талаптарын сақтауын және олардың осы сұрақтарға байланысты білімдерін бақылау;

- қызметкерлердің мұқтаждықтарына, сұраныстарына назар аудару, олардың тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық жағдайларын жақсартуды қамтамасыз етуге қолдау көрсету, спорттық сауықтыру кешендерін дамыту, қызметкерлердің демалысына көңіл бөлу;

- оқу орнының барлық қызметкерлеріне дер кезінде еңбек демалыстарын беруді реттеу;

- қызметкерлердің іскерлік (өндірістік) біліктілігін, экономикалық және құқықтық білімдерін жүйелі түрде көтеруін қамтамасыз ету, жұмысын өндірісте немесе оқу орнында білім алумен ұштастыруына жағдай тудыру;

- еңбек ақысын дер кезінде және толық көлемде төлеп отыру, қызметкерлердің жеке еңбегінің және жұмыстың жалпы қорытындысына материалдық мүдделігін қамтамасыз ету, қабылданған еңбек ақы төлеу шарттарының дұрыс қолданылуын сақтау;

- оқу орнының күзетілуін, құрал-жабдықтардың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ оқу және тұрмыстық ғимараттарда қажетті тәртіпті әкімшілік-шаруашылық қызметкерлерінің тарапынан қамтамасыз етілуін қадағалау.

 

4.6   Еңбек және оқу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік.

      Еңбек тәртібін бұзу, басқаша айтқанда өзіне жүктелген лауазымдық міндеттердің қызметкерлердің кінәсінен орындалмауы немесе жеткіліксіз орындалуы тәртіптік жаза немесе қоғамдық әсер ету шараларын, сондай-ақ еңбек шартымен немесе қабылданған заңнамаларымен қаралынған шараларды қолдауға әкеліп соғады.

       Еңбек тәртібін бұзғаны үшін колледж әкімшілігі төмендегі тәртіптік жазаларды қолдана алады:

- ескерту;

- сөгіс;

- қатаң сөгіс;

- лауазымдық міндетін өрескел бұзғаны үшін қызметкерлермен жасалған еңбек шартын бұзу.

      Тәртіптік жаза шараларын қолдану туралы шешім, директордың сәйкесінше бұйрығымен жарияланады. Тәртіптік жаза қолданғанға дейін құрылымдық бөлімдердің жетекшісі еңбек тәртібін бұзушыдан жазбаша түрде түсініктеме алуы тиіс. Қызметкердің түсініктемеден бас тартуы жаза шараларын қолдануға кедергі бола алмайды. Қызметкер түсініктеме жазудан бас тартқан жағдайда ҚР заңнамаларына сәйкес акт жасалады. Тәртіптік жазаны әкімшілік тәртіп бұзушылық анықталған кезде, бірақ оны жасалған мерзімінен бастап бір айдан кешіктірмей қолдануы тиіс, жұмысшының ауырған немесе еңбек демалысында болған уақыты есептелмейді.

         Тәртіптік жазаны тәртіп бұзғаннан кейін алты айдан соң қолдануға болмайды.

         Әрбір тәртіп бұзушылық үшін бір ғана тәртіптік жаза қолданылады.

         Тәртіптік жаза қолданғанда тәртіп бұзушылықтың ауырлығы, тәртіп бұзушылық орын алған кездегі жағдай, алдыңғы жұмыс және қызметкердің тәртібі ескерілуі тиіс.

         Тәртіптік шара қолдану туралы себебі көрсетілген бұйрық шара қолданылған қызметкерге хабарланып, оған үш күн ішінде қол қойылып, таныстырылуы тиіс. Қажет жағдайда бұйрық колледж қызметкерлерінің назарына салынады.

         Егер тәртіптік жаза қолданған күннен бастап алты ай ішінде қызметкерге жаңа тәртіптік жазаны қолданбаса, оның тәртіптік жазасы жоқ болып есептелінеді.

         Әкімшілік өзінің бастамасымен немесе еңбек ұжымының сұрауымен, қызметкер жаңадан еңбек тәртібін бұзбаған және жақсы жетістіктер көрсеткен жағдайда алты айдың өтуін күтпестен салынған тәртіптік жазаны бұйрықпен алып тастай алады.

         Оқу тәртібін, ішкі тәртіп ережесін бұзғаны үшін білім алушыларға төмендегі тәртіптік жазалардың бірі қолданылады:

- ескерту;

- сөгіс;

- қатаң сөгіс;

- колледж білім алушылар қатарынан шығару.

Білім алушыларды академиялық қарызы үшін (аралық немесе қорытынды аттестацияның қорытындысы бойынша) студенттер қатарынан шығару колледждің педагогикалық кеңесінің шешімімен жүзеге асырылады.

Білім алушылар қатарынан шығаруға басқа да негіздер:

  • себепсіз сабақ қалдыру (аптасына 36 сағат);
  • оқуын жалғастыруға құлықсыз;
  • колледж Жарғысы мен ішкі тәртіп ережесін бұзу;
  • таңдаған мамандықтың ұнамауы;
  • оқу орнымен байланыс үзу(бір аптадан артық уақыт);
  • келісімшарт талаптарын орындамау;
  • отбасы жағдайына байланысты;
  • жұмысқа орналасуы;
  • басқа оқу орнына ауысу;
  • тұрғылықты мекен жайының ауысуы;
  • қиын материалдық жағдай;
  • денсаулығына байланысты;
  • өз еркі бойынша.

         Тәртіптік жазаны тәртіп бұзушылық анықталған кезде, бірақ оның жасалған мерзімінен бастап бір айдан кешіктірмей, оқушының ауырған немесе каникулда болған уақыты есептелдмейді. Тәртіптік жазаны тәртіп бұзылғаннан кейін алты айдан соң қолдануға болмайды. Егер білім алушы тәртіптік жаза қолданылғаннан кейінгі бір жыл ішінде жаңадан тәртіптік жаза алмаса, онда күнтізбелік жыл өткен соң тәртіптік жаза күшін жояды.

         Оқушыда еңбек кітапшасы болған жағдайда күндізгі бөлімде оқығаны туралы мәлімет жазылады.

 

5  Сипаттама

5.1 Жұмысқа қабылдау және босату тәртібі:

         Жұмысқа қабылдау кезінде колледж басшысы мен қызметкердің арасындағы еңбек қатынасы жазбаша түрде еңбек шартын жасаудан басталады.

         Жеке еңбек шартын жасау үшін колледж әкімшілігі қабылданушыдан төмендегі құжаттарды талап етуге құқылы:

- қызметкердің еңбек еткендегі туралы құжаттар ( еңбек кітапшасы, жеке еңбек шарты, жұмысқа қабылдану және босатылуы туралы бұйрықтардың көшірмелері, жұмыс берушінің қолы қойылып, мекеменің  немесе нотариустың мөрімен бекітілген қызметі туралы тізім; қызметкердің жұмысы туралы мәліметі көрсетілген архивтік анықтама); жеке куәлігі (паспорт; шет ел азаматтарына ықтияр хат) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылу жасындағылар әскери билет немесе тіркеу куәлігі;

- әлеуметтік жеке код берілуі туралы куәлік, зейнет шарты;

- білімі немесе кәсіби дайындығы туралы құжат (әңгімелесу кезінде түпнұсқасын; жеке ісіне нотариуспен бекітілген көшірмесін);

- адрестік-үстелден тіркелуі туралы анықтама;

- медициналық кітапша.

        

         Жұмысқа қабылдау туралы колледж бойынша бұйрық шығарылып, жұмысқа қабылданушы онымен танысқаннан кейін қолын қояды. Бұйрықта штаттық кестеге сәйкес жұмыстың аты (лауазымы) және мөлшері көрсетілуі тиіс.

         Жұмысқа қабылданғанда немесе басқа жұмысқа ауыстырылғанда әкімшілік қабылданған тәртіпке сәйкес төмендегі шараларды жүзеге асыруға міндетті:

- ішкі тәртіп ережесімен және жұмыс режимімен таныстыру;

- қауіпсіздік техникасымен, өртке қарсы қауіпсіздік және еңбекті қорғаудың басқа да ережелерімен таныстыру.

         Еңбек шартының бұзылуы заңмен және еңбек шартының өзімен қарастырылған негіздемелерге сәйкес жүзеге асырылуы қажет.

         Еңбек шартының бұзылуы туралы колледж бойынша бұйрық шағарылады.

         Жұмыстан босатылған күні әкімшілік қызметкерге оның жұмыс істегендігін дәлелдейтін құжаттарын қайтарып, толық есеп айырысуы тиіс. Жұмысшының соңғы жұмыс күні, оның жұмыстан босатылған күні болып табылады.

         Колледжде бос орындарға конкурстық негізде сайлау жүйесі жұмыс істейді.

 

5.2  Жұмыс уақыты және оның пайдаланылуы:

         Колледждің оқытушылар құрамына бес күндік жұмыс аптасына 8 сағаттық жұмыс күні белгіленеді. 40 сағаттық жұмыс аптасының сегіз сағаттық жұмыс күні шегінде оқытушылар, өздерінің лауазымдарына және жоспарларға сәйкес оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми зерттеу және тәрбие жұмыстарының барлық түрлері орындалуы тиіс.

         Оқу сабақтарының кестесінің сақталуын, оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстары бойынша жеке жоспарлардың орындалуын бақылау бөлім меңгерушілеріне, директор орынбасарларына, колледж директорына жүктеледі.

   Оқу-көмекші персонал үшін ұзақтығы 40 сағаттық бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді.

   Жұмыстың басталуы және аяқталуы:

         Әкімшілік бөлімінің қызмткерлеріне бес күндік жұмыс аптасы сағат 9-00-ден 18-00ге дейін, түскі үзіліс 13-00-ден  14-00-ге дейін.

         Бөлім меігерушілеріне бес күндік жұмыс аптасы сағат 8-30-дан 17-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін.

Оқытушыларға бес күндік жұмыс аптасына 40-сағаттық жұмыс күні белгіленеді сағат 8-30-дан  17-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін. Сырттай оқу бөлімінің студенттерімен жұмыс жасау оқу кестесіне байланысты.

          Бөлім зертханашылары мен хатшыларына бес күндік 40 сағаттық жұмыс аптасы белгіленеді сағат 8-15-тен 17-15-ке дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін.

         Басқа қызметкерлер мен жұмысшылар үшін бес күндік 40 сағаттық жұмыс аптасы белгіленеді сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден  14-00-ге дейін.

         Қабылданған нормативтік актілерге сәйкес зиянды қызметте істейтін колледж жұмысшыларының жұмыс уақыттарының ұзақтығы қарастырылуы мүмкін.

         Оқытушы немесе басқа қызметкерлер жұмысқа келмей қалған жағдайда құрылымдық бөлім жетекшілері оларды басқа оқытушы немесе басқа қызметкерлермен ауыстыру шараларын қабылдауға міндетті.

         Жұмыс уақытынан тыс кезде жұмысқа тарту қызметкерлердің келсімімен ғана жүзеге асырылады және олардың жалақысы еңбек заңнамаларына сәйкес төленеді.

         Әкімшіліктің рұқсатынсыз қызметкерлерді жұмыс уақытында өздерінің тікелей атқаратын қызметтерінен алаңдатуға, шақыртуға немесе басқа міндеттерді орындау үшін жұмысынан алуға болмайды.

         Колледж қызметкерлерінің кейбір тобына әкімшіліктің шешімімен белгіленген жұмыс аптасының аясында жұмыстың басталуы мен аяқталуының  басқа уақыты қойыла алады.

 

5.3 Қызметтегі және оқудағы жетістіктері үшін марапаттау:

         Лауазымдық міндеттерін адал атқарғандағы, ұзақ мерзім ескертусіз жұмысы, еңбектегі жаңашылдығы және басқа да жетістіктер үшін оқытушылар мен қызметкерлер, көмекші және техникалық персонал төмендегі тәртіппен марапатталады:

- алғыс жариялау;

- колледж басшысының алғыс хаты, грамотасы;

- қаржылай сыйақымен (құрылтайшының келісімімен).

Сіңірген ерекше еңбектері үшін колледж қызметкерлері ведомоствалық және басқа да марапаттауларға ұсынылады.

         Еңбек ұжымы, жұмыстағы жетістіктері үшін қызметкерлер арасынан моральдық және материалдық марапаттауға үміткерлерді ұсынуға және мемлекеттік наградаларға ұсынылатын үміткерлер туралы пікірлерін білдіруге құқылы.

         Жақсы үлгерімі және колледждің ішкі жұмыстары мен қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін білім алушылар төмендегі тәртіппен марапатталады:

- алғыс жариялау;

- колледж басшысының алғыс хаты, грамотасы;

- колледж басшысының студенттің ата-анасына алғыс білдіру;

-қаржылай сыйақы(құрылтайшының келісімімен).

         Марапаттаулар директордың бұйрығымен жарияланады, ұжымның барлық мүшелеріне хабарланады және қызметкердің еңбек кітапшасына жазылады.

 

5.4 Оқу процесінің тәртібі:

         Колледждегі сабақтар бекітілген оқу жұмыс жоспары мен бағдарламаларына сәйкес сабақ кестесі бойынша өткізіледі. Бекітілген оқу жоспарланының негізінде жыл сайын оқу процесінің күнтізбелік жоспар-кестесі жасалынады.

         Сабақ кестесі кемінде бір апта бұрын жасалынып ілінеді. Оқу процесінің күнтізбелік жоспар-кестесі оқу жылының аяғында келесі оқу жылына оқу жұмыс жоспарына сәйкес дайындалады. Күндізгі бөлім студенттерінің апталық аудиториялық жүктемесі 36 сағаттан болуы тиіс. Аудиториялық сабақтарға ұзақтығы 45 минут уақыт беріледі (кредиттік оқыту жүйесінде – 50 минут), қажет болғанда 2 сабақтан соң 10 минуттық үзілістерімен біріктірілген сабақтар жүргізіледі. Бірінші аусымнан кейінгі үзіліс 40 минут. Түрлі оқу сабақтарын өткізу мерзімдері оқу процесінің күнтізбелік жоспар-кестесіне сәйкес белгіленеді.

         Практикалық жұмыс және семинар кезінде әрбір курс мүмкіндігінше 25-30 адамнан топтарға бөлінеді.        Әр топқа үлгерімі және тәртібі жақсы студенттер қатарынан топ старосталары тағайындалады.

 

5.5. Оқу ғимараттарында тәртіп сақтау.

         Қызметкерлер колледждің оқу ғимаратына турникет карточкасы бойынша кіргізіледі. Білім алушылар оқу ғимаратына турникер карточкасы немесе студенттік билет (сырттай оқу бөліміндегілер - сынақ кітапшасы) арқылы кіргізіледі.

         Колледж ғимараттарының ішінде және аумағында тиым салынады:

  • келеңсіз қылықтар жасауға;

- жаман сөз айтуға, балағаттауға;

- әкімшіліктің рұқсатынсыз бөгде адамдарды кіргізуге;

- мекеменің мүлкін бүлдіруге (бүлдірген жағдайда қайта қалпына келтіруге міндетті);

- аудитория немесе ғимарат дәліздеріне спорттық киіммен кіруге (спорттық шалбар, футболка, қысқартылған шалбарлар, үйде киюге арналған жеңіл аяқ киім, нәсілдік, этностық, діни айырмашылықты насихаттайтын киімдер және т.б.);

- дауыстап әңгімелесу, шулау, сабақ кезінде дәлізде шулап жүру;

- спирттік ішімдіктерді, токсикалық және наркотикалық заттарды пайдалану, құмар ойындар ойнау, шылым шегу;

- әкімшіліктің рұқсатынсыз колледждің меншігі болып саналатын заттар мен құрал-жабдықтарды алып шығуға.

  Оқу ғимараттарының, аудиториялардың, кабинеттердің есіктерінің кілттері колледждің тәртіп сақтау және қауіпсіздік қызметінің кезекші күзетшісінде болады және қабылданған тізім бойынша беріледі.

 

Педагогикалық кеңес отырысында қаралып, мақұлданды.

 

Хаттам  №7,  04.12. 2019ж.

 

                                                                                                        

 

 

                                                                                     

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.

В этой форме вы можете задать ваш вопрос:
Защитный код
Обновить картинку