Миссия
"Инновациялық оқыту әдістерін қолдану-сұранысқа ие мамандарды дайындау негізі"
Колледж стратегиясы
Дамудың басым бағыттары болып:
- техникалық және кәсіптік білім берудің сапасын мемлекет пен қоғамның, жеке тұлғаның болашақтағы қажеттілігі мен өзектілігіне сәйкес болуы мен беріктігін қамтамасыз ету.
- аймақтың еңбек нарығының нақты қажеттілігіне сәйкес мамандарды даярлау;
- Оқудың тиімділігін, сапасын, қолжетімділігін қамтамасыз ететін оқу ортасын дамыту;
- колледжі басқарудың жүйесін жетілдіру;
- мемлекет мүддесіне жастардың әлеуетін дамыту және іске асыру;
- заманауи технологияларды, білім беру бағдарламаларын енгізу;
- оқудың дуальді және модульдік жүйесін дамыту;
Бұл басымдықтар ұлттық экономиканың даму басымдықтарымен үндеседі. Дамудың болашағы мен негізгі бағыттары "Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі" МЕББМ
2014-2019 жылдарға арналған дамудың Стратегиялық жоспарына 5 жылдық мерзімге қойылды.
БҚИТК-ның даму мақсаттары мен стратегиялық басымдықтарын анықтауда келесідей стратегиялық сипаттағы құжаттар қолданылды, олар мемлекеттің кәсіптік білім беруді және оның қоғамдағы рөлін дамытудың жалпы желісін көрсетеді:
- Мемлекеті Басшысының Қазақстан халқына Жолдаулары:;
- Мемлекеті Басшысының 04.2017 жылғы "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы;
- Қазақстан Республикасының "Білім туралы Заңы" 27 маусым 2007 жыл;
- "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары";
- "Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы";
Осылайша, колледж миссиясы, пайымы және стратегиясы колледждің Қазақстанның білім беру кеңістігіндегі орнын бейнелейді, ұлттық басымдықтармен үндесетінін, мүдделі тараптардың қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталғанын, сондай-ақ колледж стратегиясының даралығы мен бірегейлігін көрсетеді.
Стартегиялық бағыттары:
- "Нұрлы жол" Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында мамандарды даярлаудың жоғарғы деңгейіне қол жеткізу;
- Мамандарды айматың экономикасының өндірістік қажеттілігінің картасын ескере отырып дайындау;
- оқытудың инновациялық технологияларын енгізу: кредиттік оқыту технологиясы, дуальді оқыту жүйесі, модульдік бағдарламалар;
Әлеуметтік серіктестікті кеңейту, оқу үдерісінің траекториясын қалыптастырып, олардың кадр дайындау мәселесіндегі сұраныстарын ескеру үшін жұмыс берушілермен тығыз байланыста болу;